ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ!

Түркістан облысы Келес ауданында ұстаздар мерекесіне арналып салтанатты құттықтау жиыны өтті. Оған ардагер ұстаздары мен майталман мұғалімдер, озат оқытушылар қатысты. Жиында аудан әкімі Ақментай Есбаев ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін арнады.

Кәсіби мереке қарсаңында білім және ғылым саласына өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген және жас ұрпақтың бойына өнегелі тәлім-тәрбиені сіңіріп, оқу-әдістемелік қызметті шебер ұйымдастырып жүрген ұстаздар мен білім бөлімі әдіскерлерін ҚР Білім және Ғылым министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының, Түркістан облысының әкімі мен Келес ауданының әкімінің марапаттарын табыстады.

Мерекелік жиында аудандық мәслихат хатшысы Арын Тотиков шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздарға ақ тілегі мен ыстық ықыласын білдірді. Түркістан облысының мәслихат хатшысы мен Келес ауданының мәслихат хатшысының марапаттарын табыстады.

Сондай-ақ, Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бақтияр Абдиев Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқарма басшысы мен Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының марапаттарын ұсынып, марапатқа ие болған мұғалімдердің барлығы жыл бойы жақсы нәтижеге қол жеткізіп, өз ісінің хас шеберіне айналған кәсіби мамандар екенін атап өтті.

Жиын мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Сазды кеш жиылған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады.

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика