2024-07-27

Бразилия алтынынан үміткер Надежда Ногай немесе Қараталдың чемпиондар ұстаханасы

tom: 0pt;» align=»right»>tories/01/imagesca80r6x0.jpg» width=»354″ height=»216″ />«Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей талантты танып білу де үлкен көрегенділікті қажет етеді. Осындай спорттық қырағы көзбен кішкентай 8 жасар қыздан болашақта жақсы зілтемірші шығатынын байқай білген Лазарь Донның мұндай қасиетіне мың алғыс. Ал, сөз етіп отырған дарынды жас өскін Надежда Ногай — бүгінде жасөспірімдер арасында біраз шыңды бағындырған жоғары нәтижелі зілтеміршінің бірі. Жуырда ғана Словакияның Кошице қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен әлем біріншілігінде топ жарған Надеждаға құтты болсын айтып қайтқан болатынбыз.  

tom: 0pt;»>«Басында әуелі зілтемірдің не екенін де білмедім. Лазарь Николаевичпен апам таныс болатын. Үйге бір келгенінде сол кісі апамнан мені ауыр атлетикаға беруін сұраған. Алайда, әжем «кішкентай ғой, оның үстіне қыз бала» деп мені жібере қойғысы келген жоқ. Алғашында жаттығу залына қолым бос уақыттарда қалай болар екен деп қана барып жүрдім. Сөйтіп, біраз уақыт өткен соң зілтемірге деген қызығушылығым ояна бастады. Бұл спорт түрімен
айналысқым келмей кеткен кездер де болды, алайда біршама уақыт өткен соң сағынып қайта оралатынмын. Міне, ақыр аяғы зілтемірге деген құштарлық барлық кедергілерді жеңіп, қазір ауыр атлетика өмірімнің ажырамас бөлшегіне айналды», — дейді кейіпкеріміз.  

tom: 0pt;»>Ауыр атлетика спортында жас спортшылардың мұндай көрсеткіш көрсетуінің сирек болатындығына қарамастан, Надежда Ногай қазір біршама үздік нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді. Ел ішілік жарыстардағы тұрақты көшбасшылығын айтпағанда, зілтемірші қыз бірнеше халықаралық жарыстың жеңімпазы атанған болатын. Алдымен мұхиттың арғы жағындағы Перу астанасы Лима қаласында өткен байрақты бәсекеде үздік болса, артынша Малайзияның Пенанг қаласында өткен жарыста да алдына жан салмады. Осындай ауыр сындардан сүрінбей биіктен көрінгенде, Надежданың жасы небәрі 15-те еді. Перуде өткен додада ол әлемдік рекордтарды жаңартып спорт мамандары мен әлем назарын өзіне аудартты. Жасөспірім қыздың мұндай феноменалдық нәтижесі мен
үлкен сында өзін-өзі сенімді ұстауына риза болған көпшілік пен аталмыш жарыстың төрешілері орындарынан тұрып, қазақ зілтеміршісіне қол соғыпты.

tom: 0pt;»>Алаштың тағы бір дарынды ауыр атлетшісі Илья Ильиндей жұлдызы ерте жарқыраған Надежданың болашағынан үлкен үміт күттіріп отырған жас таланттардың бірі екенін осындай таңданарлық жетістіктерінен аңғару қиын емес.

tom: 0pt;»>«Надежданы шамамен 10 жасқа келген кезінде жаттықтыра бастадым. Ол кезде олар менімен көрші тұратын. Көшеде көріп қалатын сәттерде бұл қызда бір талант ұшқыны бар екенін байқап ауыр атлетикаға баулығым келді. Словакияға біз аз уақыт қана дайындалған болатынбыз. Нақтырақ айтсам, дайындыққа тек бір ай уақыт кетті. Ал, ауыр атлетика секілді спорт түрінде үлкен жарысқа тек бір ай дайындалып барып жақсы нәтиже көрсету өте қиын.
Сондықтан, Словакияда мұндай табысқа жетеміз деп ойламаған едік. Алайда, шәкіртім керемет өнер көрсетіп, үздік болды. Енді 5-қарашада Бирмада Азия біріншілігі өтеді. Барлығы ойдағыдай болса, Надежда жақсы нәтиже көрсетеді деп күтудеміз. Бұйырса Надежданың Бразилия Олимпиадасынан кейін тұрмысқа шығамын деген жоспарлары да бар» – деп, Лазарь Дон өзінің дарынды шәкіртінің спорттық және өмірлік жоспарларымен бөліскен болатын.      
Республикалық бәсекелерде оза шауып жүрген Надежданың жоғары нәтижелерін байқаған ауыр атлетикадан ұлттық құрама команданың бас бапкері Алексей Ни: «Мен көптеген талантты спортшылармен жұмыс істегенмін, бірақ, дәл Надя секілді мықты атлетті әлі көргенім жоқ. Оны тек Илья Ильинмен қатар қояр едім» – деген еді.

tom: 0pt;»>Сергей Филимоновтай дарынды спортшымен Афины олимпиадасының күміс жүлдесіне қол жеткізген Лазарь Донның ел ауыр атлетикасының дамуына қосып жатқан үлесі зор. Надеждамен тілдескенімізде, ол өзінің осындай жетістіктерге жетуі барлық бапкерлік құрамның сіңірген үлкен еңбегі екендігін жеткізді. Құрметті жаттықтырушы Лазарь Дон ауыр атлетиканың қыр-сырын үйретіп жатқан «Қаратал ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде» көптеген білікті әрі өз ісін сүйетін жаттықтырушы қызмет етуде. Атап айтар болсақ, Қолдасбек Жазылбеков, Роберт Ким, Мұратхан Бейсенов, Сергей Волков сынды бапкерлер Қараталдың дарынды ұл-қыздарын болашақ ел үміті қылу жолында аянбай тер төгіп жатыр. Қараталдың «чемпиондар ұстаханасының»
шәкірттері ретінде Надежда Ногайдан бөлек, әкесі Сергейдің даңқты жолын қуған Алина Филимонова, Маргарита Елисеева және тағы да басқа болашағынан үлкен үміт күттіретін жас атлеттерді айтуға болады. Ауыр атлетиканың қазақтан шыққан кезекті бір вундеркинді атанған Надежда мен оның бапкері Лазарь Дон алдарына үлкен жоспарлар қояды. Бұл, әрине, кез-келген спортшының арманы болған
Олимпиада ойындары. Бразилияда 2016 жылы өтетін төртжылдықта жүлде алуды ойлап отырған бапкер мен дарынды қыз, бұл бағытта тыңғылықты дайындықты да жасап жатқандығын айқан еді. Ендеше, Надежда Ногайдың алдағы жарыстарда айы оңынан туып, Бразилияда алтыннан алқа тағынуына тілектестік білдірейік. Ал, Лазарь Дон мен білікті бапкердің өзі жетекшілік ететін «Қаратал ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне» үлкен алғыс айтамыз. Өйткені, спортшы жеңісінің артында бапкердің үлкен еңбегі тұратыны белгілі.

tom: 0pt;»> 

tom: 0pt;»>Мұрат МҰҚАШҰЛЫ  

tom: 0pt;»>    Алматы облысы

tom: 0pt;»>{jcomments on}

tom: 0pt;»> 

tom: 0pt;»>              

tom: 0pt;»>      

Яндекс.Метрика