2024-07-27

КУБОК ИЕГЕРІ – ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТАР

 

tories/image.png» border=»0″ width=»222″ height=»151″ align=»left» />   Облыс орталығында кикбоксингтен ел кубогы жолындағы жарыс аяқталды. Сайыс нәтижесі бойынша “фулконтактен” 51 кг. салмақта Тараз қаласының намысын қорғаған Нұрділда Ералиев астаналық Айбат Жиенбаевты ұтты. 54 кг. салмақта қарағандылық Әлішер Қабдиянов өзінің жерлесі Дәулет Сапаровты қапыда қалдырса, тағы бір қарағандылық Руслан Баязитов тараздық Мұхаметжан Тілегеновтен басым түсті. 60 кг. салмақта Дәулет Жақыпов жерлесіміз Алмас Сәбитовті еңсерсе, 63,5 кг. салмақта Павлодар облысының өкілі Нұрсұлтан Хасанов атыраулық Абзал Дүсіповты айқын басымдықпен жеңді. 67 кг. салмақтағы Самат Қадырбековтің (суретте) қарқыны күшті болды. Финалда жерлес спортшы Батырхан Әшірбековпен айқасып, жеңімпаз атанды. Саян Жақыпов (71 кг., Павлодар), Стельян Аврамиди (75 кг., Қарағанды) және Ернар Омаров (91 кг., Астана) өз салмақ дәрежелерінде алдына жан салмады.

    “К-1” жүйесі бойынша ерлер арасында Нұркен Төлегенов (ОҚО, 51 кг.), Сафар Ахмадов (Қарағанды облысы, 54 кг.), Шыңғыс Сыздықов (Павлодар, 57 кг.), Шыңғысхан Тілемісов (Астана, 60 кг.), Рауан Смағұлов (СҚО, 63,5 кг.), Абзал Байзақов (СҚО, 67 кг.), Руслан Сексенбаев (ШҚО, 71 кг.), Иван Захаренко (Астана, 81 кг.), Властимир Алешко (Қарағанды, 86 кг.), Жақсыбек Шынықұлов (Алматы, 91 кг.) жеңіске жетті.

    Шаршы топқа шыққан аса ауыр салмақта бас жүлде үшін талас алматылық жас қыран Асыл Ерубаев пен қарағандылық Руслан Аушевтың арасында өрбіді. Бұл тартыс алғашқысының пайдасына шешілді.

   Қыздардың “фулконтакт” жүйесіндегі жарысында көкшетаулық Айназ Жайықбаева (48 кг.), шығысқазақстандық Жадыра Қуанышева (52 кг.), Тамара Темірбаева (56 кг., Қарағанды) және Гүлмира Тілеубергенова (60 кг. Астана) жеңіс тұғырынан көрінді.

    Командалық есепте Қарағанды облысы көш бастаса, екінші және үшінші орын тиісінше Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарына бұйырды.

    Жеңімпаздар Қазақстанның кикбоксинг құрамасына алынып, желтоқсан айында Үндістанда өтетін Азия чемпионатына қатысатын болды.

 Қанат АТАМАНОВ,

Суретті түсірген: Амангелді БЕКМҰРАТО,

«Қызмет» ақпарат.

{jcomments on}

Яндекс.Метрика