2024-07-27

Елбасы ұстанған салауатты өмiр

tories/37.—-10—2008-. 1.jpg» border=»0″ width=»246″ height=»182″ align=»left» />Еліміз алғаш Тәуелсiздiк алған жылдары халық тұрмысы қиындады. Нарықтың қатаң заңдылықтарын түсiне алмаған халқымыз бiраз уақытқа дейiн ел болашағына алаңдаулы болатын. Бюджет тапшылығы барлық саланың шаруасын шатқаяқтатты. Оған елге ең қажеттi денсаулық саласы да тап болды. Осы тұста тұңғыш Президентiмiз – Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев халыққа жыл сайынғы Жолдауында денсаулық саласына қатты назар аударып, Үкiметке нақты тапсырмалар берiп отырды.

    «Денi саудың – жаны сау» дейдi дана халқымыз. Болашақ ұрпақ салауатты өмiр салтын ұстануы керек. Елбасы отандық медицинаның, аурудың алдын алу керек екенiн үнемi назардан тыс қалдырған жоқ. Жас мамандарды даярлап, жаңа технологияның тiлiн бiлетiн жастарды медицина саласына топ-тобымен қосты. Елбасының осы iскерлiгiнiң арқасында отандық медицина саласында жұмыс жасайтын жас мамандардың үлес салмағы артты.

     Елбасының өнiмдi саясатының нәтижесiмен жұмыс жасайтын Алматы қалалық №4 емханасында да көптеген өзгерiстер айқын көрiнiс тапты. 1979 жылдың 30-қарашасында салынған емхана бұл күндерi өсiп-өркендеп, «Орбита 1, 2, 3, 4», «Таугүл 1, 2», «Хан тәңiрi», «Алматы санаториясы» ықшамаудандарының тұрғындарына тегiн медициналық көмек көрсетедi. Бұл емхананың дамып, iргесiн кеңейтуiне Тәуелсiздiк алғаннан бергi Елбасының тiкелей денсаулық саласына жасаған үлкен қамқорлығы әсер еттi. Сонымен қатар, Алматы қаласының Әкiмi Ахметжан Есiмов және Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Роза Қуанышбекова Елбасының жыл сайынғы Жолдауының нақты iске асуын қадағалап, Алматы қаласының денсаулық саласының дамуына тiкелей ықпал етуде. Осының нәтижесiнде Алматы қаласы республика бойынша денсаулық сақтау саласы көрсеткiшiнде алдыңғы лекте келедi. Бұл – жергiлiктi атқарушы билiктiң Елбасы саясатын бұлжытпай орындауының жемiсi.

     Тәуелсiздiк алған жылдар iшiнде Елбасының тапсырмасымен денсаулық саласына қомақты қаржы бөлiнiп, жаңа медициналық қондырғылармен қамтамасыз етiлдi. Оның шарапаты бiздiң емханаға да тидi. Сонымен қатар емханамызда биылғы жылы «емдеу – сауықтыру шаралары бөлiмi» мен «жалпы дәрiгерлiк тәжiрибе бөлiмi» ашылды. Үстiмiздегi жылы емханамызға күрделi жөндеу жасалып, аяқталуға жақын.

     Менiңше, бiздiң Елбасы өз басы спортқа жақын, денсаулыққа аса мән беретiн адам ретiнде, халқының денсаулығына өз денсаулығынан кем қарамайтын, бар қазақтың, қазақстандықтардың арқасүйер саяси тұлғасы ретiнде өзiн дәлелдедi.

     Денсаулық – әр адамның басты байлығы. Елбасының қатты мән беретiн, үнемi назарында ұстайтын саласы да, осы – денсаулық саласы. Ол өзiнiң перзенттiк парызын, президенттiк жауапкершiлiгiн осы 20 жылда толық дәлелдедi. Нұрсұлтан Әбiшұлының еңбегiн санасақ, оған айтылатын мақтаулар мен рахметтердiң сауабы жалғыз мақалаға сыймауы да мүмкiн… Бiр бiлерiмiз, елiмiздiң өмiрiндегi өзгерiстерде елге сiңiрген еңбегiнiң iздерi жатқаны анық.

   Елбасының жемiстi саясатының арқасында өзiмiз еңбек ететiн саланың көзалдымда көркейгенiне де куә болып келемiз. Бұл – әрине, Елбасы өзi үлгi болып ұстанған «Салауатты өмiр салты». Ол – денсаулық…. Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамытуды да басты назарға алуы өте орынды. «Ауырып емделгенше, ауырмайтын жол іздеу»  керек.

Н. ЧУМАНОВ,

Алматы қаласы МКҚ ШЖҚ №4 қалалық емханасының бас дәрiгерi, медицина ғылымдарының кандидаты.

Сурет:alaman.kz

 «Қызмет» ақпарат.

{jcomments on}

 

Яндекс.Метрика