2024-07-27

“Жұмыспен қамту — 2020” жол картасы бағдарламасы «Біздерде мынадай бар, мынадай бар…»

        «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген . Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.
        Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.
tories/1331102222_1055.jpg» width=»250″ height=»244″ alt=»1331102222_1055″ style=»float: right;» />
        Оңтүстік Қазақстан облысы – республикада іргелі аймақтың бірі. Мұнда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша қарқынды тірлік жүріп жатыр. Өзгерген өңірдің азаматтары да бүгінгі таңда нарыққа сай еңбек етуде. Көрсеткіштерге көз жүгіртсек, көңіл тояды. Ағымдағы жылдың 2 тоқсаны бойынша облыстың экономикалық белсенді халқы саны 1256,5 мың адамды құрады, оның 1187,0 мың адам экономикада жұмыс істейді, оның ішінде 556,0 мың адам өздігімен жұмыспен қамтылған, 5,5 пайызы (69,4 мың адам) жұмыссыздар.Осыған орай бүгінгі күні өздігімен жұмыспен қамтылған азаматтардың құрылымын анықтау жұмыстары аяқталып, аудан, қалалардан оларды әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілген. Аталған іс-шаралар жоспарының аясында өздігінше жұмыспен қамтылғандарды формальды емес сектордан, формальды секторға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
        2013 жылдың екінші тоқсаны бойынша ірі, орта кәсіпорындар және жеке тұлғалар мен бюджеттік мекемелердегі жалдамалы жұмысшылардың саны 631,0 мың адамды құрады.
БҰҰ-ның Ғаламдық шартының принциптеріне сәйкес 117 кәсіпорынның рейтингтік бағалауы жүргізілді. Бағалаудың нәтижесі бойынша кейбір кәсіпорында жалақы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 40,8 пайызға дейін өсті.
Бизнестің ішкі әлеуметтік жауапкершілігі бойынша қызметшілердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қорғау мақсатында жалпы 653 меморандум түзілді.
        2013 жылдың 1 қазанына 7 кәсіпорын жұмысын ішінара тоқтатқан. Олардағы жұмысшылар саны 767 адамды құрайды. Олардың ішінде 104 жұмыскер ішінара жұмыс атқаруда, 400-і мәжбүрлі ақысыз демалыста, 51 адам жабдықтардың тоқтап тұруынан іркілісте, жыл басынан бері бұл кәсіпорындардан 81 адам өз еркімен жұмыстан босаған. Бұл кәсіпорындарда жалақы қарызы 5,0 млн теңгені құрады.

        Жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша бүгінгі таңда 50 кәсіпорындар мен ұйымдарда берілген рұқсаттар негізінде 860 шетел азаматтары жұмыс жасауда. Осы кәсіпорындарда 14315 Қазақстан Республикасы азаматтары жұмыс істейді.
2013 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыруға қарастырылған 16166,4 млн. теңгенің 12990,3 млн.теңгесі игерілген (80,4%).
         «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыспен қамту орталықтарына келген 27418 адаммен әлеуметтік келісім-шарттар түзілді. Оның ішінде: өздігінен жұмыспен қамтылғандардың саны 8900 адам (32,5%), жұмыссыздар – 14336 адам (52,3%), аз қамтамасыз етілгендер – 4182 адам (15,2%).
        «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету».
        Осы аталған бағытты іске асыру үшін 2013 жылы республикалық бюджеттен 8734,8 млн.теңге бөлінді. Бағыттың аясында 413 жоба бойынша білім беру, мәдениет, спорт, аймақты көріктендіру, жолдарды жөндеу және ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункттері мен дәрігерлік амбулаторийлердің құрылысы салаларында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. 
2013 жылдың 1-ші қазанына 410 жоба бойынша құрылыс жұмыстары басталып 6447,5 млн.теңге (жылдық соманың 73,8 пайызы) игерілді.Бағдарламаның екінші бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға» 2013 жылға 3046,6 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:
        — 3,0 млрд. теңгесі шағын несиелендіру жұмыстарына;
        — 46,6 млн.теңгесі кәсіпкерліктің негізде-рін оқытуға жұмсалады. 2013 жылдың нау-рыз айында аймақтық комиссияның шешімі-мен соңғы қарызгер үшін 6% сыйақы мөл-шерлемелері бекітілді. Облыс әкімшілігінің қаулысымен қаржы агентінің мәртебесіне ие «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ЖШС несиелендіру жөніндегі уәкілетті өңірлік ұйымы болып анықталды. 
        Кәсіпкерліктің негіздерін және сервистік қызметтердің көрсетілуін оқытуды жүргізу үшін «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС-і анықталды. 2013 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Бағдарлама қатысушыларының ішінен 1295 адам кәсіпкерліктің негіздеріне оқуға жіберіліп, оған 20,6 млн.теңге игерілді. 
        Шағын несиені бағдарламаның 902 қатысушысы алды, олардың 543- өз ісін ашса, 359 қаражаттарды өз ісін дамыту үшін жұмсады. Несиелендірудің басым бағыттары болып мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және қызмет көрсету танылды. Бағдарламаның 2-ші бағытының қатысушыларымен қосымша 909 жаңа жұмыс орындары ашылды. 
        Бағдарлама қатысушыларын несиелендіруге бөлініп, игерілген қаражаттардың сомасы 2,111 млрд.теңгені құрады (жылдық соманың 70,4%). Шағын несиенің орташа көлемі 2,3 млн.теңге деңгейінде қалыптасты. 
        Ал үшініші бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» болып табылады.Осы бағыт бойынша тұрақты жұмыспен қамту аясында 6504 қатысушыға тұрақты жұмысқа орналасуға жәрдем берілді, олардың 38,8 пайызы жаңадан ашылған жұмыс орындарына орналасты. 
        Кәсіби оқыту мәселесін қарастыратын болсақ, облыстың 49 білім беру ұйымдарында кәсіби оқыту жүзеге асырылуда. Жалпы кәсіби оқумен 10277 адам қамтылды, оның ішінде 7298 адам 2010-2012 жылдардан өтпелі контингент. 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 10 айлық мерзіммен кәсіби даярлауға 785 адам, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға 2194 адам жолдамамен оқу орындарына жолданды.
        2013 жылдың 9 айында 1777 адам оқуды аяқтап, 1741 адам тұрақты жұмыспен қамтылды (97,9 пайыз).
        Енді әлеуметтік жұмыс орындарын ашу мәселесіне келсек ағымдығы жылдың 9 айының қорытындысымен 962 кәсіпорынмен 7089 әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға келісім-шарттар жасалды. Орташа жалақы 49,4 мың теңгені құрады, республикалық бюджеттен осы мақсатқа бөлінген 1192,6 млн.теңгенің 944,6 млн.теңгесі игерілді (жылдық соманың 79,2%). 
        Жастар практикасын ұйымдастыру қазіргі таңда ең басты мәселе болып табылады. 2013 жылдың 1 қазанына жастар практикасын ұйымдастыруға 1521 жұмыс берушілермен келісім-шарттар жасалды, оларға сәйкес7809 адам жұмыспен қамтылды, бұл жоспардың 147,3% құрайды (5300 адам). Жастар практикасы қатысушыларының еңбегін төлеуге жұмсалған шығындар 527,9 млн.теңгені құрады (жылдық соманың 55,8%). 
       Жастар практикасында 3234 адам өз қатысуын аяқтады, олардың практиканы өткеннен соң 2744-і тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды (84,8%). 
        Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру- бұл бағдарламаның үшінші бағыты болып табылады.Үшінші бағыт шеңберінде Шымкент қаласында 480 пәтерден тұратын алты көпқабатты үйлердің құрылысы аяқталды. Құрылысқа 2011-2012 жылдары бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 2655,1 млн.теңгені құрады. 
        Бағдарламаның шарттарына сәйкес, еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру – өздігінен жұмыспен қамтылған, жұмыссыз, аз қамтылған азаматтардың санынан әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекен тұрғындарының, балалар үйлері түлектерінің, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың өз еркімен көшулеріне қолдау көрсету арқылы іске асырылып жатыр.

         Өткен 2012 жылы, аяқталған №3 тұрғын үйіне экономикалық потенциалы төмен елді мекендерден 30 отбасы көшірілді (бекітілген критерийлер бойынша, облыста халқының саны 1570 адамды құрайтын экономикалық потенциалы төмен 17 елді мекен анықталған).
         2013 жылдың 9 айында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 3-ші бағытының аясында салынған 2 қабатты үйге 448 Бағдарлама қатысушылары немесе 134 отбасы (Шымкент қаласының «Нұрсат» шағын ауданында) қоныс аударды . 
 Бағдарламаны іске асырудың нәтижелері бойынша облыста жұмыссыздықтың деңгейі 5,5%-ды құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы төмендеу 0,1% болды. Кедейлік деңгейі жыл басынан 38,2%-ға төмендеп, облыс тұрғындарының жалпы санының 0,1%-н құрады. Аз қамтамасыз етілген халықтың табысы 4,6%-ға өсіп, 2012 жылғы 4483 теңгенің орнына 4690 теңгені құрады. 
        Енді атаулы әлеуметтік көмек көрсету мен әлеуметтік қолдауғу келетін болсақ 2013 жылдың басында аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 6432 адамды, немесе облыс халқының 0,2 пайызын құрады.2013 жылдың 1 қазанына олардың саны 38,2 пайызға төмендеп, 3978 адамды немесе облыс халқының 0,1 пайызын құрады. 
        2013 жылы 7306 азамат 71638,3 мың теңге мөлшеріндегі атаулы әлеуметтік көмек алды, бұл көрсеткіш өткен 2012 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 9914 адамға және 70651,7 мың теңгеге төмендеген. 
        18 жасқа дейінгі 243565 балаға 2721386,4 мың теңге жәрдемақы төленді. Ол өткен 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23941 адамға және 177483,0 мың теңгеге артты.
        2013 жылы тұрғын үй көмегі 7645 отбасыға 145793,7 мың теңгеге төленді. Өткен 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 794 отбасыға және 2885,2 мың теңгеге кеміді.
        Одан басқа, аз қамтылғандарды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары да ұйымдастырылуда. 2013 жылы жалпы демеушілер тарапынан 5400 аз қамтамасыз етілген азаматқа 16051,9 мың теңгенің әлеуметтік қолдаулары ұйымдастырылды. Оның ішінде:
        — коммуналдық қызмет түрінде 216 азаматқа 471,8 мың теңге, нақты ақшалай 1508 азаматқа 1044,0 мың теңгеге көмек берілді. Азық-түлік және тауар түрінде 5143 азаматқа 14536,1 мың теңгеге көмек көрсетілді.
         Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жан басына шаққандағы жиынтық табыстарына талдау 2013 жылы 4690 теңге болып, жылдың басынан бері 4,6 пайызға артық екендігін көрсетеді. Оңтүстік Қазақстан облысында 193,2 мың зейнеткер тұрады. Олардың ішінде 621-і Ұлы Отан соғысының ардагері, 29,5 мыңы тыл еңбеккері.
        Аға ұрпақ өкілдерін сауықтыру жағдайы толық шешілген. Жыл сайын 6 мыңдай жекелеген санаттағы азаматтар демалып, емделеді, соның ішінде 2013 жылы Ардагерлер үйінде 3200, «Мейір» ардагерлер үйінде 3040 зейнеткерлер мен мүгедектер, Батыр аналар емделді. 
       80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға зейнетақысына қосымша ретінде 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек төленуде. Ағымдағы жылдың 9 айында 10054,8 мың теңге төленді.
        5262 мүгедекке 190812,5 мың теңгеге гигиеналық заттар алынып берілді, 1414 мүгедекке 130844,0 мың теңгеге жеке көмекші қызметі және 589 мүгедекке 22616,8 мың теңгеге ымдау тілі маманының қызметі көрсетілді.
        Облыста 2013 жылдың 1 қазанына 94254 мүгедек есепте тұрады. Оның ішінде ҰОС мүгедектері 220, 1-2 топтағы мүгедектер – 43595, 3 топтағы мүгедектер — 35024, бала кезден мүгедектер саны-12576-ын құрайды. 
        Облыста ВИЧ-індетін жұқтырған 190 бала есепке алынып, 78,9 млн. теңге төлемақы төлеу үшін қаралған. Түркістан аймақтық балаларды оңалту орталығында 297 мүгедек бала, облыстық мүгедектерді оңалту мен бейімдеу орталығында 830 мүгедек оңалту және бейімдеу курстарынан өткізілді. 
        Ағымдағы жылдың 9 айына 12873 ардагер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарға коммуналдық қызметке ақы төлеуде, қоғамдық көлікте тегін жүруде, дәрі-дәрмек босатуда жеңілдік беріліп, ол үшін бюджет, демеушілер есебінен 92217,0 мың. теңге қаржы жұмсалды.
        Түркістан аймақтық балаларды оңалту орталығында 156 мүгедек бала, облыстық мүгедектерді оңалту мен бейімдеу орталығында 498 мүгедек оңалту және бейімдеу курстарынан өткізілді.
        Аудандар мен қалаларда үйде әлеуметтік көмек көрсететін 27 бөлімше 2426 жалғызілікті қарттарға көмек көрсетуде, 2187 мүгедек балаға 26 бөлімше, психоневрологиялық ауруға шалдыққан 18 жастан жоғары 381 мүгедектерге үйлеріне барып арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуда.
        Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі негізіндегі психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған күндізгі қатынау бөлімшесіне 2013 жылы қаңтар-қыркүйек айларында 2 бала жолданды. Онда 30 балаға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
        2013 жылғы 9 айында мүгедектер тұрақты тұратын стационарлық типтегі 7 медициналық-әлеуметтік мекемелеріне 110 мүгедек, оның ішінде 49 мүгедек балалар жолданып, бүгінгі мекемелерде 1610 мүгедек толық мемлекет қамқорлығына алынған. Ересектерге арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелер негізіндегі күндізгі қатынау бөлімдерінде 17 мүгедек қызметтермен қамтылуда.
        Кентау қаласындағы облыстық арнаулы кәсіптік колледжінде оқушы үш мамандық — «Есепші», «Әмбебап-тігінші», «ЭЕМ операторы» бойынша 80 мүгедек оқытылуда.
        Сондай-ақ, 2013 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 4 үкіметтік емес ұйым облыстағы 8 аудан, қаланың 574 мұқтаж азаматтарына, оның ішінде 477 мүгедек балаға арнаулы әлеуметтік қызметтерді жартылай стационарлық және үйде күндіз көрсету жағдайында ұсынуда. Арнауы әлеуметтік қызметтер ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарымен» бекітілген түрлері мен көлемдерде ұсынылуда. 
Қарлығаш БАЙМУРЗАЕВА.
Жұмыспен қамту орталығының тапсырысы бойынша.

Яндекс.Метрика