«ЖАС ҚҰТҚАРУШЫ» ҮЙІРМЕЛЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қалалық білім басқармасының қолдауымен «Жас құтқарушы» үйірмелерін құру жұмыстарын ұйымдастырды. Үйірмелер 8 қалалық мектептің базасында құрылған, барлығы 80 оқушы қатысады. Департаменттің ТЖ жою бөлімі жас құтқарушыларды оқыту бағдарламасын әзірледі.

ТЖ қызметкерлері өз бағыты бойынша балаларды өзін-өзі құтқару және басқа зардап шеккендерге көмек көрсету дағдыларына үйретеді. Жас құтқарушылар алған білімдерін түрлі практикалық іс-шаралар кезінде іс жүзінде пысықтайтын болады.

Осылайша, балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқыту бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру, оқушыларды өрт-техникалық білімдерін насихаттауға тарту, өрт сөндіруші және құтқарушы мамандықтарын дәріптеу мақсатында Еңбекші ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері 9-10 сынып оқушылары арасында эстафета ұйымдастырды.

Мектептің үздік жас құтқарушылары атану құрметіне 2 команда, әр қайсысынан 8 адам күресті. Бірінші кезеңде ТЖ қызметкерлері балалардың теориялық білімдерін тексерді. Оларға өрт сөндіру автомобильдері мен жабдықтарының тактикалық-техникалық деректері, өрт сөндіргіш заттары, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету әдістері туралы сұрақтар қойылды. Жарыстың екінші кезеңі командалардың сәлемдесуімен және олардың ұранымен басталды. Үшінші кезең практикалық бөлімнен тұрды. Сынаққа қатысушылардан жақсы спорттық дайындықты және арнайы дағдыларды меңгеруді, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін киюді және шартты өртті өрт сөндіргіштің көмегімен сөндіруді, талап ететін кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту кірді. Қиындықтарға қарамастан, жас құтқарушылар өртке қарсы білімнің үлкен қорын, шыдамдылықты, шеберлік пен ептілікті көрсете отырып, барлық кезеңдерден сәтті өтті.

Барлық командалар тапқырлық, батылдық, ынтымақтастық қабілеттерін көрсете отырып, сынақтардан лайықты өтті. Мұндай іс-шаралар балалардың санасында өрт туындаған жағдайда дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады және нығайтады, оқушылардың санасында кәсіби өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың оң бейнесін сақтайды.

Төреғали ҮРКІМБАЕВ

Азаматтық қорғау подполковнигі, ТЖ жою бөлімінің бастығы

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика