САЛМАҒЫН САҚТАП, ЕКІ ПРОФИЛЬДЕ ДЕ ТОП ЖАРҒАН АЛҒАШҚЫ СПОРТШЫ

Джиткундодан әлем чемпионы Ақылбек Нұрболат Нұрлыбекұлы спорттың осы түрінен екі профильде бір салмақпен 22 жыл бойына топ жарған алғашқы спортшы атанды. Бұл туралы Түркістан облысы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрболат Нұрлыбекұлы 2003 жылы Келес ауданында дүниеге келген. 8 жасынан спорттың бокс түріне қатысып, кейіннен жарақатына байланысты спорттан бір жылдай қол үзіп қалады. Саулығы тіктелген соң ол джиткундомен тұрақты әрі кәсіби түрде айналыса бастаған. Тынымсыз жаттығу мен спорттық бабын шыңдаудың арқасында дүбірлі жарыстарда топ жарады. Жаттықтырушысы Бекзат Жалал.

Жерлесіміздің жетістіктеріне тоқталсақ, ағымдағы жылы Шымкент қаласында өткен Панкратион спорт түрінен 84 келі салмақта облыс чемпионы атанса, наурыз айында Алматы қаласында өткен «у шу саньда» спортынан 85 келі салмақта ел чемпионы атанды. Облыс және ел чемпионатының жеңімпазы атанған ол жуырда Түркияның Адана қаласында әуесқойлар арасында және кәсіби дәрежеде әлем чемпионатында 75 килограмм салмақта бас жүлдені иемденді.

Бүгінде елімізде түрлі жауынгерлік күрес түрлері қарқынды дамып келеді. Әсіресе, жекпе-жектiң джиткундо деп аталатын түрiне қызығушылар саны артып отыр. Бұл күрес түрінің сан қырлы құпиясын меңгеруге деген құштарлығы басым спортшылар оның дамуына мол үлес қосуда.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика