2024-09-23

БАҚ ӨКІЛДЕРІ ОРТАЛЫҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

Шымкентте бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жұмысымен танысты.  Алдымен «Аялы алақан» №5 арнаулы орталығында болды. Орталық — арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж психоневрологиялық ауытқулары бар тірек- қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға қызметтер көрсетеді. Қазіргі таңда орталықта 110 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетілуде.
Шымкент қаласында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Аялы алақан» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы былтыр ашылған болатын. Онда тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқуы бар 18 жасқа дейінгі балаларға толық стационарлық жағдайда әлеуметтік, тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық қызмет көрсетіледі. Медициналық-әлеуметтік мекеме ем-шаралық, спорттық және өзге де қызмет көрсететін бөлмелермен жабдықталған. Жаңа орталық Самал-3 шағын ауданы № 928/1 мекенжайында орналасқан.

Шымкент қаласындағы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесімен тікелей айналысатын бірегей мекеме — «Бақытты жанұя» орталығы. Журналистер пресс-тур барысында аталған мекеменің жұмыс барысымен танысты. Орталықтың мақсаты – қиын жағдайға тап болған әр-бір отбасыға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек, сонымен қатар, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету.
Мекеме жалпы 20 бағыт бойынша қызмет алушыларға көмек көрсетсе, биыл жыл басынан қысқа мерзімді тегін оқу курстарынан 600-ден аса ана өткен. Бүгінгі таңда, қала бойынша 37 014 адамға (ақпараттық қолдау, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталы арқылы құжаттарды тапсыру немесе алу қызметтері, aleumet.egov.kz сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелуіне және т.б.) қызмет көрсетілді.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика