2024-07-27

Алматыда АҚТҚ асқынып тұр

top»>«Алматы — ару қалаtories/01/images8.jpg» width=»282″ height=»168″ />» десе, ай, тамсанбайтын біріміз жоқ. Алайда еліміз бойынша АҚТҚ вирусын жұқтырғандардың әрбір бесіншісі Алматы қаласында тұратынын білсеңіз, не дер едіңіз? Ақиқаты солай. Алматы республика бойынша алдыңғы орынды бермей тұр. Елімізде осы уақытқа дейін АҚТҚ вирусынан 2507 адам қайтыс болған екен, олардың ішінде ЖҚТБ-ға айналып үлгергендері — 843. Республикалық ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас директоры Владимир Селесарев жергілікті ақпарат агенттіктерінің біріне берген сұхбатында осындай дір еткізер деректерімен бөлісті. 
 В.Слесаревтың әңгімелеуінше, қазіргі таңда тіркеудегі АҚТҚ вирусын жұқтырғандардың саны — 14 мың 812 адамды құрайды. Олардың ішіндегі 14 жасқа дейінгілері — 334. Жоғарыда атап өткендей, Алматы бұл жағынан лидерлік позицияны (3010) бермей отырса, бұл аурудан ең ада деген аймақ — Қызылорда облысы екен. Облыста 59 адам ғана вирус жұқтырғаны
жөнінде мәлімет тіркелген. Көзіқарақты оқырманның есінде 2006 жылғы Оңтүстік Қазақстан оқиғасы бар болар. Балаларға жаппай АҚТҚ вирусы жұғуы салдарынан республика көлеміндегі үлкен дүрбелең болғаны белгілі. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында 1757 адам тіркеуде, олардың ішінде балалар үлесі — 214. Айта кету керек, балалар арасындағы жұқпа бойынша бұл — республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. В.Слесаревтің әңгімесіне қарағанда, облыста осы күнге дейін 48 адам ЖҚТБ-дан қайтыс болыпты. Дегенмен, ауыр жағдайдағы науқастар қатары өте көп.   Әлбетте, АҚТҚ-дан аулақ болудың амалы — айналып келгенде, нәпсіні тыюға келіп тіреледі. Өйткені аталмыш вирусты көп ретте нашақорлар қатары таратып отырғаны жасырын емес. Одан кейінгі орынды жыныстық қатынас алады. Демек, бұл науқаспен күрестің ең бірінші тәсілі — оның алдын алу болмақ. Ал жұқтырып
үлгергендерді емдеу мақсатында республика бойынша не жасалып жатыр? Бұл сұраққа дәрігер маман төмендегіше жауап береді:   — Әзірге Қазақстанда ересектерге арналған арнайы мамандандырылған стационарлар жоқ. Тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана «Ана мен бала»  орталығы жұмыс жасайды. Бұл жерде АҚТҚ жұқтырған балаларға амбулаториялық
және стационарлық көмек көрсетіледі. Ал жалпы республика бойынша 2010 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша сөйлесек, вирусқа қарсы 1071 адамға ем көрсетіліп келеді. Бұл — емді қажет ететін науқастардың 91 пайызын құрайды. Олардың ішінде 201 бала бар.   В.Слесарев — сондай-ақ вирус жұқтырудың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан
шараларды да әңгімеледі. «Бүгінде республикада 168 сенім тірегі жұмыс  жасайды. Сондай-ақ 30 достық кабинеттері жұмыс істейді. Сенім тіректері, негізінен, наша пайдалану арқылы вирус жұқтырған жандарға көмек көрсетуге арналған болса, достық кабинеттерінде жыныстық қатынас арқылы ауруға шалдыққандарға ем көрсетіледі» дейді орталық директоры.

  Нұрболат Аманжол

{jcomments on}

 

 

 

tom: 0pt;» align=»right»>
  
  
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
  
  
  
 
  
  
 

 

Яндекс.Метрика