
2-3 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Qazaqstan Project Management Awards – 2022» III ұлттық конкурсының жеңімпаздары анықталды.
Конкурсты ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Қазақстан Республикасының Жоба менеджерлері одағы» ЗТБ және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ұйымдастырды.
Конкурстың негізгі мақсаты — өз қызметінде жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын белсенді қолданатын және енгізетін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды қолдау.Конкурсқа қатысушылардың есептерін жобалық менеджмент саласындағы кәсіби асессорлар бағалады. Мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлерінен, кәсіби қоғамдастықтар өкілдерінен, қазақстандық және халықаралық сарапшылардан тұратын конкурстың қазылар алқасы номинациялар бөлінісінде конкурс жеңімпаздарын анықтады.
Нәтижесінде Шымкент қаласы әкімдігінің жобалық кеңсесі Qazaqstan Project Management Awards -2022 конкурсының «Күміс жүлдесін» иеленді.