«ДӘРІГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ» АКЦИЯСЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ЕСКЕРДІ

Бүгін «??? ????» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен : «Реаблитациялық орталығы 2» емханасында медицина қызметкерлеріне арналған «Дәрігерлерді ардақтайық!» жалпыұлттық акциясы өтті. Акцияның мақсаты — ел аумағында жұқпалы індеттің таралуы кезінде қас қақпай жұмыла қызмет еткен, өз өмірлерін қатерге тігіп, бүгінгі қоғамның батырларына айналған ақ халатты абзал жандарға жастар атынан алғыс айту, қолдау көрсету.

Қайырымдылық шарасы аясында еріктілер дәрігерлерге арнап иммунитетті нығайтуға арналған өнімдер салынған 50-ден аса денсаулық себеттерін дайындады.

Акцияға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Қозыбахов Шыңғыс Лесбайұлы қолдауымен, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық мәслихат депутаты фракция жетекшісі Төлегенов Бекайдар Мұсаұлы, «??? ????» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының белсенді жастары қатысты.

Аталмыш акция дәрігерлердің ерлікпен пара-пар еңбектеріне алғыс білдіру мақсатында қаламызда 5-ші рет ұйымдастырылып отыр. Аталған акцияны дәстүрлі түрде өткізу жоспарланған.

«Nur Otan» партиясы Шымкент филиалының баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика