ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына сәйкес, Шымқалада тұрғындармен кері байланыс орнату жүйелі жолға қойылған деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Аталған мекеменің мәліметінше, шаһар басшысы М. Әйтенов бастаған басшылық өкілдері тұрғындармен онлайн кездесулер өткізіп, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде байланысып отырады екен.

Шаһар әкімі ай сайын тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдаса, апта сайын өзінің парақшасында түрлі тақырыпта тікелей эфирге шығып отырады. Осылайша, жыл басынан бері 11 рет тікелей эфирге шыққан болса, әкім және оның орынбасарлары 70 рет онлайн кездесу өткізіп, онда 555 тұрғынды қабылдаған екен.

Сондай-ақ, соңғы 2 айда аудан әкімдері мен басқарма басшылары 25 рет тікелей эфирге шығып, тұрғындар сауалына жауап беріпті. Құзырлы сала басшылары тікелей эфир барысында атқарылған жұмыстары жөнінде есеп беріп, алда атқарылар жоспарларымен бөлісіп отырады.

Мәселен, мегаполис басшысы өткен жұмада тұрғын үйді басқарудың жаңа түріне (ОСИ) көшудің артықшылықтарын түсіндірді. Онда жаңа заңға сәйкес, көп қабатты тұрғын үйлерде жай серіктестік немесе мүлік иелерінің бірлестігі құрылып жатқаны сөз болған.

Ақпараттық танымдық жиекті арттыру мақсатында Абай ауданының әкімі Б.Парманов @akimat_shymkent әкімдіктің инстаграмдағы ресми парақшасында аталған тақырыпты тағы да кеңінен тарқатты. Онлайн эфирде аудан әкімі МИБ немесе ЖС құру үшін не істеу керек, кімге бару керек, қандай тиімділігі барын атап өтті. Эфир барысында қойылған 70-ке тарта сұраққа жауап берілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика