КІТАПХАНАЛАР ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАРҒА САЙ ЖАҢАРАДЫ

Бұл туралы қала әкімі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өткен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесте қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова мәлім етті.

– Кітапхана желісінің қызметіне жасалған талдау нәтижесі бойынша республикалық маңызы бар қалалардағы ең төменгі нормативке сай 20 мың адамға 1 кітапхана, ал 1 оқырман орнына кітапхана қорының 2 мың сақтау бірлігі қажет екенін көрсетті. Яғни, жаңа замандағы дизайнмен жасақталған, Қазақстанның, әлемнің электрондық кітапхана жүйелеріне тікелей қосылған тартылыс нүктелерін құру өте маңызды. Сондықтан келесі жылы Әл-Фараби атындағы (Отырар) ғылыми-әмбебап кітапхананы, Абай атындағы орталық кітапхананы және кітапхана жүйесінің №5 филиалын заманауи жаңғыртуды жоспарлап отырмыз, – деді Ханзада Әзімханқызы.

Басқарма басшысының сөзінше, биыл қалада 5 мәдениет мекемесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы кітапхана жүйесіне 5 кітапхана кіреді. Оның 37 филиалы бар.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика