2024-07-27

Сенат депутаты Светлана Жалмағамбетова бас банкирге жұртшылық алдындағы абыройын сақтап қалуды ескертті.

tories/20130502_12_47_32695.jpg» width=»250″ height=»180″ alt=»20130502_12_47_32695″ style=»float: right;» />

       «Сіздің кәсібилігіңізде, не этикаңызда проблема бар. Сіз Қазақстан халқын ғана емес, биліктің ресми органы – ҚР Парламент Сенатының депутаттарын да «адастырды-ңыз».Сізге сенген депутаттар тағайындауға да келісім берген болатын.
         «Кәсібилікке салып жауап берсеңіз де болатын еді, алайда Сіз сөзбе сөз мәлімдедіңіз. Теңгенің құлдырауына қатысты қобалжудың негізі жоқ екенін айттыңыз, айырбас бағамына әсер ететін іргелі факторлардың — мұнай бағасы мен ресей рублі бағамының өзгермегенін ескерттіңіз. Бұны 21 қаң-тардағы брифингте тағы қуаттадыңыз. Расында да, мұнай бағасы өзгерген жоқ, ресей рублі былтырғы жыл бойына 7,1 пайызға ғана құлдырады. Алайда, 11 ақпанда аяқ астынан теңгенің айырбас бағамы 20 пайыздық девальвацияға ұшырады.
        Ал журналистер алдында Сіз біресе бұны сол күні таңертең білгеніңізді, біресе бұл шешім жарты жыл бойы дайындалғанын айттыңыз. Сонда бұдан қандай қорытынды шығаруға болады: Сіздің кәсібилігіңізде, не этикаңызда проблема бар. Сіз Қазақстан халқын ғана емес, биліктің ресми органы – ҚР Парламент Сенатының депутаттарын да «адастырдыңыз». Сізге сенген депутаттар тағайындауға да келісім берген болатын.
    Енді бұдан кейін өзіңіз алдап қана қоймай, бұған қатысты еткен Парламкентке қай бетіңізбен келесіз, депутаттармен қалай сөйлесесіз? Бұдан кейін Сіздің сөзіңізде қандай құн қалды?»
     «Девальвацияның нәтижесінде теңгемен жинақ салған қазақстандық салымшылардың қоры 20 пайызға құнсызданды. Бұл бүгінгі күні теңгелік депозиттердің жаппай кетуіне, банктердегі жағдайдың нашарлауына соқтығып жатыр. Қандай да бір банктердің жабылатындығы туралы қауесеттер де салымшылардың осыған қатысты жасаған «ишараты». Ал сіздің «арандатушыларға» қарата айтқан айбатыңыз, телеэкраннан жасаған мәлімдемеңіз ешкімді де сендіре алмайды. Нақты әрекет керек!»
       «Сіздердің деректеріңіз бойынша банктерде жеке тұлғалардың ұлттық валютада 2,2 триллион депозиттері бар, ҚР банктерінде теңгелік салымдарының бесінші бөлігін жоғалтқан осы жеке тұлғаларды ұлттық валютада депозиттер бойынша сыйақыны 13-14% дейін ұлғайтумен қолдаған дұрыс болар еді. Қолданыстағы пайыздарды инфляция «жеп қояды», — деді Жалмағамбетова.

Яндекс.Метрика