ТІЛ — ҰЛТТЫ КҮШЕЙТУДІҢ ТЕТІГІ

Биыл Түркістан облысы Келес ауданында 226 адам заман талабына сай бірнеше тілді меңгеріп шықты. Бұл істе басымдық қазақ тілі, орыс және ағылшын тілін оқытуға беріліп отыр. Осы мақсатта «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі пәні бойынша 56 азамат, орыс тілі бойынша 87 адам, ағылшын тілі бойынша 83 талапкер тіл үйренуде. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың ағылшын тілін мегеруіне жағдай жасалып, оларды оқытатын арнайы топтар жасақталды.

Жоғары оқу орнында оқитын Асқар Қалдарбек келешекте білімін шетелде жалғастырғысы келеді. Мақсатына жету үшін қазір орталық мамандарының көмегімен ағылшын тілін терең меңгеріп жатыр.

— Магистратураны оқығым келеді. Ол үшін бастапқы грамматиканың сатыларынан бастап, ағылшын тілін жақсы меңгеруім қажет. Түсінбегендерімді, қателерді саралап, барлық артикльдер, буын буынымен жете сабақ өтіп жатырмыз,-дейді ол.

Жалпы, индикаторлық көрсеткіштер бойынша аудан көлемінде мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар саны бүгінгі таңда 94,7 пайызға жетіп отыр. Орыс тілін меңгерген тұрғындар үлесі 90,2 пайыз болса ағылшын тілін меңгерген тұрғындар 28 пайызға жеткен. Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ендігі үш тілді қатар (қазақ, орыс, ағылшын) меңгергендердің үлесін 27 пайызға жеткізуді көздеп отыр.

Көрнекі сурет ашық интернет көздерінен

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика