СПОРТ КЕШЕНДЕРІ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

Шымкентте жұмыспен қамту жол картасы аясында 3 спорт нысанына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әлеуметтік парқшасында мәлім етті.

– Қажымұхан стадионындағы дене шынықтыру және спорт басқармасының жеңіл атлетика спорт кешенінің қасбеті мен шатырын және ішкі үй-жайларына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жаңартылуда.

Екінші нысан, №3 Шымкент қалалық олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебі. Мекемеде оқушылар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты физикалық дамуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Негізгі бағыттары — баскетбол. Тұрлан елді мекенінде бұл ғимарат 1971 жылы салынған екен. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Одан кейінгі үшінші нысан, №3 Шымкент қалалық олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бассейн бағытындағы ғимараты. Мұнда да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Айдың аяғында жөндеу жұмыстары аяқталған соң, спортшыларымыз қайта жүзумен айналыса алады, — деді қала әкімінің орынбасары.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика