2022-08-10

ЛИФТІЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Лифтілердің қауіпсіздігі

 

 «Лифтілердің қауіпсіздігі» Кеден одағы техникалық регламенті(КО ТР 011/2011)2010 жылғы 18 қарашадағы Беларусь Республикасындағы, Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы Техникалық реттеудің бірыңғай принциптері мен ережелері туралы келісімге сәйкес әзірленді.Осы Кеден одағының техникалық регламенті Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында лифтілерге қойылатын қолдану және орындау үшін бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын лифтілердің еркін орын ауыстыруын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

 

Қолданылу саласы

 «Лифтілердің қауіпсіздігі» Кеден одағы техникалық регламенті(КО ТР 011/2011) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында пайдалануға арналған және пайдаланылатын лифтерге және лифтілердің қауіпсіздігі құралдарына қолданылады. Бұл Кеден одағы техникалық регламентінің қолданысы барлық лифтілерге және лифтілердің қауіпсіздік құрылғыларына (буферлеріне, ұстағыштар, жылдамдық шектегіштері, шахта есігінің құлпы, қауіпсіздік гадроаппараттары) қолданылады.

«Лифтілердің қауіпсіздігі» Кеден одағы техникалық регламенті(КО ТР 011/2011) регламентінің қолданысы мыналарға:

-тау-кен және көмір өнеркәсібі шахталарында;

-кемлердегі және өзге қалқыма құралдарында;

-теңіздегі барлауға және бұрғылауға арналған платформаларда;

-ұшақтарда және ұшатын аппараттарда, сондай-ақ мынадай:

-тісті-тақтайшасы бар немесе бұрамалы көтеру механизмі бар;

— әскери мақсаттарға арналған арнайы мақсаттағылифтілерге пайдалануға арналған және пайдаланылатын лифтілерге қолданылады.

Нарықтағы айналым ережелері

Лифтілер, лифтілердің қауіпсіздік құрылғылары осы Кеден одағы техникалық регламентіне сәйкес келген жағдайда, олар Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағында нарықтағы айналымға шығарылады. Айналымға шығарылатын лифтілер, лифтілердің қауіпсіздік талаптары Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тіліндегі және (немесе) орыс тіліндегі ілеспе құжаттамамен жинақталуға тиіс.

 

Қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету

Лифтілердің және лифтілердің қауіпсіздік құрылғыларының Кеден одағының осы техникалық регламентіне сәйкестігі оның қауіпсіздік талаптарын тікелей орындау арқылы не Кеден одағының осы техникалық регламентпен өзара байланысты стандарттардың талаптарын орындау арқылы қамтамасыз етіледі.

Осы техникалық регламентпен өзара байланысты стандарттардың талаптарын ерікті негізде орындау лифтілердің және лифтілердің қауіпсіздік құрылғыларының осы техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі туралы куәлік етеді.

Лифтінің, лифтінің қауіпсіздік құрылғыларының сәйкестігін растау

Лифтінің және лифтінің қауіпсіздік құрылғыларының осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында оларды айналымға шығарар алдында міндетті сертификаттау түрінде жүзеге асырылады.

Міндетті сертификаттауға жататын лифтнің қауіпсіздік құрылғыларының тізбесі:

-энергия жинақтау типті (сызықтық сипаттамалары бар энергия жинақтау типті буферлерді қоспағанда):

сызықтық емес сипаттамалы;

амортизацияланған кері жүрісті;

-энергия тарату типті буфер.

Қауіпсіздік гидроаппараты (үзіліс клапаны).

Шахта есігінің құлпы.

Ұстағыштар.

Жылдамдық шектеуіш.

Лифтіні дайындаушы кәсіпорын жасап шығаратын, меншікті өндірілетін лифтілерді жинақтау үшін пайдаланылатын және меншікті өндірілетін лифтілерде лифтінің бірдей қауіпсіздік құрлғыдарын ауыстыру үшін қосалқы бөлшектер ретінде жеткізілетін лифтінің қауіпсіздік құрылғылары міндетті сертификаттауға жатпайды.

 

Кеден одағына мүше мемлекеттердің өнім айналымы белгісімен таңбалау

Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті растау процедурасынан өткен лифтілерде, қауіпсіздік құрылғыларында Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланған таңбалауы болуға тиіс.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалау лифтілерді, қауіпсіздік құрылғыларын нарықтағы айналымға шығарар алдында жүзеге асырылады. Лифтілерді, қауіпсіздік құрылғыларын Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының белгісімен таңбалау олардың осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі туралы куәлік етеді.

 

                                М.Телғараев,

Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы



Яндекс.Метрика