2022-08-10

Солтүстік-Оңтүстік газ құбырлары байланыстырылады

Шымкент АҚ «КазТрансГаз Аймақ» өндірістік филиалы 2020 жылдың 12 қазанында Шымкент қаласы Тұран шағынауданында (Солтүстік-Оңтүстік) Ду-500мм газ құбырымен байланыстыру бойынша жұмысы жоспарланған. Бұл туралы Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығының фейсбук парақшасы хабарлайды.

Жұмыс жүргізу барысында Тұран шағынауданында, Бәйдібек би көшесінде, Нұрсәт ӘІО-1, 2, 3, Назарбаев даңғылы, Қайтпас шағынауданында, Академқалашықта (3820 абонент) және 10 КБП-да, (ПГБ-3, ГРУ-3, ШРП-5) өнеркәсіп кәсіпорындарында газ өшірілмек.

Атап айтар болсақ, мына кәсіпорындарда газ жүйесі уақытша өшірілетін болады:

1. «Алатау» тойханасы

2. «Құс» дүкені

3. «Екі Жұлдыз» тойханасы

4. «Royal Rose» тойханасы

5. «Самолет» ойын-сауық орталығы

6. «Өлкетану» мұражайы

7. «Қайнар» қонақүйі

8. «Сіргелі» мешіті

9. «Ұлытау» тойханасы

10. ӘІО-қазандығы

Осыған байланысты, жоғарыдағы тізім негізінде аталған тұтынушыларға газ беру 2020 жылдың 12 қазанынан бастап тоқтатылды. Өшу мерзімі 13-16 қазан аралығын қамтымақ.

Яндекс.Метрика