АГРС-3 ЖЫЛ СОҢЫНА ҚАРАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласының табиғи газ көздерінің қуаттылығы АГРС-1, АГРС-4 «Шымкент» 180 000 м3/сағ құрайды. Ал бүгінгі таңдағы қаланың қажеттілігі — 250 000 м3/сағ құрап отыр. Жылыту маусымы басталған кезде қолданыстағы автоматтандырылған газ таратушы станциялары 100% жұмыс атқаруда.

Шымкетте коммуналды-тұрмыстық тұтынушылардың көбеюіне байланысты қыста табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша мәселе туындайды. Сондықтан, қаладағы көгілдір отынмен қамтамасыз ету көлемін одан әрі арттыру үшін АГРС-3 нысанын салуға шешім қабылданған болатын. Нәтижесінде 92,1% табиғи газбен қамтылған қала тұрғындарының саны 100 процентке жететін болады.

Бүгінде «StroyGazCompany» ЖШС «Автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГРС-3) өткізу қабілеті 250000 м3 /сағ болатын объектінің құрылыс жұмыстарын жүргізуде. АГРС-3, магистралды Қайнарбұлақ және Асар-2, Алтынтөбе шағын ауданы, Достық шағын ауданы мен Бадам (195 орам), Асар-2, Азат шағын аудандарында, барлығы 8 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары хабарлады. АГРС-3 нысаны жыл соңына дейін іске қосылып, тұрғындарды сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика