Қызғалдақ — Шымшаһар символы

ХІ ғасырдың соңында парсы ақыны Рудаки «Бір бақта қызғалдақтар, басқа бақта раушангүлдер, лалагүлдер бар…» деп жазған. Омай Хайям, Саади, Әлішер Науаи және басқа да шығыс ақындары қызғалдаққа керемет жолдарын арнаған. Еуропаға таралмай тұрып, ең алғашқы болып қызғалдақ Парсы және Түркия билеушілерінің бақтарында өсіріле бастаған. Бірақ, қызғалдақтың тарихи отаны – заманауи Қазақстанның оңтүстігі болып саналады.

Қазақстанда жабайы өсетін қызғалдақтар тізімі 42 түрден тұрса, селекциялық жолмен әлемде 3000 сортқа жеткен. Солардың 300 сорты Грейг қызғалдағының ұрпағы болса, 200-ден астамы – «Берікқара» (Кауфман) түрінің шөберелері.  

Шымшаһардың символына айналған қызғалдақтар бүгінгі күні қаланың көркін кіргізуде. Ғұмыры қысқа, әрі өте сұлу гүлдер «Наурыз» мерекесімен қатар қауызын ашады. Шырайлы Шымкент қаласының келбетін ашып қоймай, келген қонақтар мен қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлап жатыр.

Қ.Кәрібаев

Табиғат жанашыры

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика