Жолдаудағы бағыттар еңбек адамын қолдайды

Ақпарат-насихат тобының мүшелері «Dalsаn» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен жүздесіп, Жолдаудағы өзекті тақырыптарды талқылады.
 Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жасаған Жолдауында экономикалық және әлеуметтік тақырыптарға баса көңіл бөлінген. «Оның ішінде өздеріңіз секілді жұмыскерлерге арналған басым бағыттар жетерлік. Соның бірі – ең төменгі жалақы мөлшері 2023 жылдан бастап 70 мың теңге болады. Бала күтіміне байланысты декреттік демалыстағы аналарға төленетін жәрдемақы мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға ұзартылып отыр. Ал әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыру туралы тапсырма берілді. Бұған қоса сәбилерді балабақшамен 100 пайыз қамту туралы да мақсат тұр. Сонымен қоса, жүз мыңдаған жасты жұмыспен қамтып, оларға төмен пайызбен несие беру жобасы да алдағы уақытта жүзеге асырылады деп күтілуде. Қарап отырсаңыздар, мұның барлығы еңбек адамына жасалып отырған қолдауды білдіреді», – деді Баршагүл Исабек.
«Dalsan» компаниясы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы жұмысын 2020 жылдың қыркүйегінде бастаған. Толықтай түрік кәсіпкерлерінің инвестициясымен басталған кәсіпорында «Eli” сауда белгісімен сулықтар (ылғал майлықтар) шығарылады. Жауапты мамандар осынау экологиялық таза өнімдер толықтай Қазақстанның ішкі нарығына өткізілуде дейді.

Related Posts

Богатое наследние предков в воспитании и образовании

Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика