ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ


Қалалық инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің ғимаратында Мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы бастаған, депутаттар Сүлеймен Тұрсымбайұлы мен Ақиқат Махмудұлы қостаған топ қоғамдық қабылдау өткізді. Депутаттар тұрғындардың өзекті мәселелерімен қатар, қаланы газбен қамту мәселесін де қарады.

Талдап тоқталар болсақ, қабылдауға келген Орынбаев Әбдінаби, Алиакбаров Серікбай және Күшікбаева Меруерттердің мәселелері бір бағытта болды. Олар ауыз су, сарқынды су және жылу мен жарық мәселесі жайын қозғады. Тұрғындар алдағы қыс мезгіліне жылыту маусымдық жұмыстары жайлы мәлімет алып, қаланы газбен қамту жұмыстарының жоғары деңгейде аяқталғанынан хабардар болды. Сонымен қатар, ауыз су және сарқынды су құбырлары тартылмаған аумақтарға қай уақытта жүргізілітені жайында жауап алды.

Тұраров Мұрат есімді азамат өзі тұрып жатқан аумақта ауыз су жүйесінің тартылмағанын және өз үйіне газ құбырын жүргізу жұмыстарының қиындық тудырып жатқанын айта келді. Нәтижесінде, Сүлеймен Тұрсымбайұлы өз қаражатынан осы азаматтың үйіне газ құбырларын жүргізіп беруді мойнына алды.

Тағы бір осындай жомарттық істің көрінісі Абдувалиев Акрамжанға да жасалды. Оған депутат Ақиқат Махмудұлы өз қаражаты есебінен газ жүйесінің сары жәшігін орнатып беруді ұсынды.

Осындай бір мәселені Атаханова Жамила да айта келді. Ол қаламыздағы көптеп ашылған демалыс орындарда адам аялдайтын орындықтарды көбейту ұсынысымен келген екен. Бұл ұсыныс та назардан тыс қалмай алдағы уақыттарда өз шешімін табатын болды.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика