КЕЛЕСТЕ ФУТБОЛДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Түркістан облысының Келес ауданында елімізде футбол спортының дамуына, жасөспірімдерді спортқа баулып, салауатты өмір салтын ұстануына қомақты үлес қосқан Раушан Мауленұлының мерейтойына орай Абай ауылындағы орталық стадионында футболдан ересектер арасында облыстық ашық біріншілік өтті.

Жарысты ардагер спортшылар Қожақұлов Әжібек, ардагер спорт төрешісі Абуов Абдусаттар, аудандық мәслихат депутаттары Мырзабаев Ғалымжан, Абдиев Диас, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Олжас Саттаровтар ашып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Жарысқа жалпы 4 ауданнан 8 команда қатысып жеңімпазды анықтады. Аса тартысты өткен ойындарда спортшылар шеберліктерін танытты. Жалпы ойын қорытындысымен Сарыағаш ауданының «Бүркіт» командасы 3- орынды, Келес ауданының «Біртілек» командасы 2-орынды, Мақтаарал ауданының «Мақтаарал» командасы 1-орынды иеленді. Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан берілген сый-сыяпаттар мен қаржылай сыйлықтарға ие болды.

Сондай-ақ, ойында көзге түскен үздіктер де номинациялармен марапатталды. Рыхсыбаев Давран -«Үздік ойыншы», Мырзабаев Ғалымжан -«Үздік шабуылшы», Әуелбай Еділ -«Үздік қорғаушы», Бибосын Нұрдаулет — «Үздік қақпашы», Байнашов Талғат — «Үздік төреші» болып танылды.

Зупаров Раушан Мауленұлы өңірге белгілі спорт ардагері. Жоғары санатты маман кезінде бірнеше буын жастарды футболға баулып, бапкерлік жасаған. Оның өмір жолы мен еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болып қала бермек.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика