2024-07-27

Спортшыларымыздың табысы еселенуде

Жаңа оқу жылы университет спортшылары табысты басталды. Атап айтар болсақ, қыркүйек айының 19 – 20 күндері аралығында
Өзбекстан астанасы Ташкентте Дзюдо спорт түрінен өткен Әлем Кубогі үшін сайыста факультетімізідің 2 курс студенті (МДШ – 211) Нишанбаева Севера ІІІ орын иеленді.
         Сондай-ақ, қыркүйек айының 27 – 29 күндері аралығында Астана қаласында Белбеу күресінен өткен Азия чемпионатында Құдайбергенова Мереке(СДШ – 115дж) бақ сынап І орын алып оралды. Студенттеріміз спорттың күрес түрлерін жақсы нәтиже көрсетуде.   Қыркүйектің 29 – 30 күндері аралығында Тараз қаласында өткен Д.Қонаев атындағы Халықаралық турнирде 55 кг салмақ дәрежесінде 
Сексенбаев Руслан (СЗҚ – 115) өнер көрсетіп І орын иеленді. Сондай-ақ, Еркін күрестен қыркүйек айында Баку қаласында өткен «Голден
Гранприкс» атты жарыста 66 кг салмақта сайысқан Жұмағазиев Даурен І орын алып, олжалы оралды.
     Таэквондодан (WTF) қазан айының 3-5 жұлдызы аралығында Сакен Тәлімбетовты еске алуға арналған спорт мектептері
арасында өткізілетін Қазақстан Республикасының  Х Чемпионатында 58 кг салмақ дәрежесінде сайысқан спортшыларымыз Нұржан Пазылбеков, Нұрсұлтан Қанат ІІІ орынды еленді.
ЯУ-ақпарат.

Яндекс.Метрика