ТУРИСТІК-АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫН

Шымкенттің туризмін дамытуға маманданған, қалаға келген туристерге бағдар беріп, қаланың имиджі үшін шаралар ұйымдастыратын «Shymkent Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы жақында келушілерді ресми қабылдай бастамақ. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исақовтың фейсбуктегі жеке парақшасында хабарланды.

– Орталықтың негізгі мақсаты – өңірде ішкі туризмді дамытып, туристік өнімдерді ілгерілету, қаланың тұрғындары мен қонақтарына ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету. Жалпы орталық жыл басынан бері, яғни 1 жарым айдың ішінде ақпараттық дүңгіршектер арқылы 128 адамға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетті. Оның ішінде Үндістан, Ресей, Өзбекстан сынды елдерден келген туристер бар, — дейді әкім орынбасары.

Аталған орталықта тәулік бойы туристерге арналған Call-орталық қызмет көрсетпек. Биылғы қаңтарда қала қонақтарына арналған visit-shymkent.kz порталы мен мобильді қосымшасы іске қосылған болатын. Бір айта кетерлігі, қала тұрғындары мен қонақтары бұл портал мен қосымшадан Шымкенттің көрікті жерлерімен қоса, қала аумағында өтіп жатқан кез-келген мерекелік іс-шара жайында хабардар бола алады.

С.Дүйсебайұлы

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика