«ТМД-НЫҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЖЫЛЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТЕДІ

2017 жылғы 11 қазанда Сочиде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет басшылары кеңесінің отырысында Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы болып белгіленген еді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты мәдени астана күндеріне арналған мерекелік іс-шаралардың басым бөлігі ТМД елдері өкілдерінің қатысуымен онлайн форматта өткізілді.

Қазіргі уақытта «Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылу рәсіміне арналған шаралар өтуде. Атап өтер болсақ, 6 театр, 5 кітапхана, цирк, зообақ, әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, Мәдениет үйі және басқа да мәдениет мекемелерінің шығармашылық ұжымдарының күшімен 48 спектакль, 99 онлайн-іс-шара өткізіліп, жалғасып жатыр.

Ал, салтанатты жабылу рәсімі 22 қараша күні сағат 15.00-де тарихи-мәдени кешенде (Цитадель) тікелей эфир форматында өтіп, Ońtústik TV және YouTube-тағы Bridge TV арналарында көрсетіледі. Іс-шара аясында Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов жыл қорытындысын шығарып, ТМД-ның атқарушы комитеттің төрағасы – Атқарушы хатшысы С. Лебедев қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы мерекелік құттықтауын жолдайды.

Ал, эстафета Душанбе қаласының өкіліне табыс етіледі. Шымкент қаласының 2200 жылдығына орай арнайы жасалған 2200 кітап, 2200 тұмар және 2200 қызғалдақ түйнегімен толтырылған символдық керуен Жібек жолымен Тәжікстанның Душанбе қаласына аттанады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика