4 ЕЛДІ МЕКЕН ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов мәлімдеді.

– Бүгінде Абай ауданы аумағында 24 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылып, бұл көрсеткіш 71 пайызға жетті. Ал жыл соңына дейін 4 елді мекеннің, атап айтқанда Игілік, Қызылжар, Тәуелсіздікке 20 жыл және Көкбұлақ тұрғын алабының 18 мыңға жуық тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі, – деді Бұхарбай Рысқұлұлы.

Спикердің сөзінше, ауданда жалпы 195,3 шақырымға ирригация жүйесі орнатылған. Яғни, жыл басынан бері 7 мекенге су ағар (лоток) жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ, келесі жылға 14 шақырымды құрайтын 21 көше мен аулаға ирригация жүйелерін орнату бойынша қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс жолданған.

Айта кетейік, келесі жылы аудан аумағы сапалы ауыз сумен толық қамтылады.

Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Серік Қосай

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика