Н.НАЗАРБАЕВ ДАҢҒЫЛЫНА ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛАҒЫ ОРНАТЫЛА МА?

Бүгін қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады. Қабылдауға жазылған тұрғындар мәселесінің көпшілігі қоғамдық көлік, жол, аялдама мен бағдаршам және «Төлем» жүйесіне қатысты болды.

Қабылдауға жазылған тұрғындардың бірі Алтынай есімді азаматша Н.Назарбаев даңғылы бойындағы мектеп маңына балалардың қауіпсіздігі үшін жаяу жүргіншілер жолағын белсенді жаяу жүргіншілер жолына алмастырып, қауіпсіздік деңгейін көтеруді сұрады. Қала әкімінің орынбасары тиісті басқармаға дереу назарға алып, орындауды тапсырды.

Сондай-ақ, қабылдауға жазылғандардың арасынан алғысын айтып, ардагерлер де байланысқа шығып, батасын беріп жатты.

Айта кетейік, әр аптаның сәрсенбі күні қала әкімінің орынбасары М.Исахов тұрғындармен жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізеді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика