Жел сөзге еріп, жалған ақпарат таратқан жазаға тартылады

       Baq.kz — Соңғы күндері әртүрлі байланыс құралдары (БАҚ, әлеуметтік желілерді, СМС-ті қоса алғандағы интернет-хабарлар) арқылы жақында ұлттық валютаның құнсыздану мүмкіндігі туралы ресми расталмаған ақпарат таратыла бастады.

tories/nurotan-news-1392712872.jpg» width=»270″ height=»216″ alt=»nurotan-news-1392712872″ style=»margin-right: 10px; margin-bottom: 4px; float: left;» />

       Аталған хабарлар халық арасында айтарлықтай шу шығарып, ішкі валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздану қаупін туғызу ықтималдығы жоғары екендігін ескере келе, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2014 жылғы 23 сәуірде еліміздің Қылмыстық кодексіне көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік белгілейтін норма (242-1 бап) енгізілгенін еске салады, – деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.  
       Осыған байланысты уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми деректеріне негізделмеген теңге бағамын түзету туралы ақпараттың одан әрі таратылуына жол бермеу туралы ресми түрде ескертеміз.
       Сондай-ақ БАҚ өкілдерінен қарастырылып отырған мәселені хабарлау кезінде тексерілген фактілер мен мәліметтерге ғана сүйенулерін және шындыққа жанаспайтын ақпараттың жариялануына жол бермеулерін сұраймыз, – Бас прокуратураның таратқан хабарламасында.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика