ҚОҒАМДЫҚ КЕҢСТЕРДІҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Келес аудандық филиалы ​төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі​ Ахмет Жұмабековтің​ ​ қатысуымен филиал​ жанындағы​ білім мен ғылымды дамыту, ұлт денсаулығы мәселелері және​ жұмыспен қамтуды үйлестіру, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау, отбасы, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау​ мәселелері​ жөніндегі​ ​ қоғамдық кеңесттің отырысы өтті.

Басқосуда Ахмет Жұмабеков кеңес мүшелері мен аудандық мәслихат депутаттарына партияның сайлауалды бағдарламасы жол картасындағы биылғы жылға межеленген жұмыстар мен көрсеткіштердің орындалуын барысын баяндады.

Білім мен ғылымды дамыту және ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі​ қоғамдық кеңес төрағасы Амангелді Жүзеновтың төрағалығымен өткен қоғамдық кеңестердің бірлескен отырысында сондай-ақ Абай ​ ауылы әкімінің, сонымен қатар аудандық кәсіпкерлік бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, адами әлеуетті дамыту бөлімі басшылары, аудандық аурухана бас дәрігерінің «Nur Otan» партиясы «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасы жол картасының орындалуы жөнінде есептері тыңдалды.

Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының есебінде қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда 1-6 жас аралығында 10 мың 570​ бала тәлім алып жатқаны, инклюзивті біліммен қамтылу деңгейі 0,8 пайыз екені айтылды.

Қоғамдық кеңес мүшелері есептерді тыңдап, жол картасының орындалуы бойынша бірқатар сұрақтарына жауап алды. Жұмысты одан әрі ширату жөнінде ұсыныс-пікірлер айтылып, бөлімдер мен ауыл әкімінің есептері мақұлданды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика