АБАЙ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРҒА БАРАТЫН 5 КӨШЕГЕ АЯҚ ЖОЛ САЛЫНДЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мəжілісінде Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов айтты.

– Аудан аумағындағы жалпы көшелер саны 1025 және ол 1034 шақырымды құрайды. Атап айтқанда, 28 көше магистралды, 997 көше ішкі орамдық. Осы жылы ауданда жалпы ұзындығы 122,67 шақырымдық 99 көшеге асфальт жол салу жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылдың 1 кезеңінде аумағындағы 122,8 шақырымды құрайтын 24 көшеге асфальт салу бойынша Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына өтінім жолданды, – деді Бұхарбай Рысқұлұлы.

Спикердің сөзіне сүйенсек, аудан аумағындағы 26,7 шақырымдық 49 көшеге шағал тас төселген. Ал әлеуметтік нысандарға баратын орталық 5 көшеге аяқ жол салу жұмыстары жүргізілген.

Айта кетейік, 2021 жылы қосымша 44,5 шақырымға шағал тас төсеуге ұсыныс берілген.

Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығы

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика