ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ҚОҚЫС АЛАҢШАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Шымкент қаласының Абай ауданындағы шалғай елді мекендерде қоқыс алаңшалары жаңартылып жатқаны туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов мәлімдеді.

– Абай ауданы аумағында 453 көп қабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. Бүгінде осы жылға жоспарланған 19 үйдің 12-сінде құрылыс жұмыстары жасалуда. Одан бөлек, ауданда жалпы қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын 485 контейнер болса, қолдану мерзімі өтуіне байланысты 150 дана жаңа контейнер сатып алынып, ауыстыру жұмыстары жүргізілді, – деді Бұхарбай Рысқұлұлы.

Спикердің айтуынша, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан аумағынан шалғай жатқан елді мекендердің тұрмыстық қалдықтарын көше бойына шығарып қоюды болдырмау мақсатында Ақжар тұрғын алабына 3 жерге және Алтынтөбе тұрғын алабына 7 жерге арнайы қоқыс алаңшасын орнату үшін жер телімі анықталған. Яғни, аталған орындарға 10 қоқыс алаңшасы мен 20 қоқыс контейнері орналастырылған.

Айта кетейік, ауданда абаттандырылған аулаларды көгалдандыру үшін 6 мың түп раушан гүлі отырғызылған.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика