2024-07-27

Үндістан Ғазизаның технологиясына қызығып отыр

tories/abachar-300×160.jpg» width=»280″ height=»149″ alt=»abachar-300×160″ style=»float: right;» />

       Ұлттық биотехнология орталығының жетекші ғылыми қызметкері Ғазиза Данлибаева тері жасушаларын қолдан өсіреді. 
        Бұл денесін күйік шалған адамды инновациялық жаңа әдіспен емдеуге мүмкіндік беретін биотехнологиялық дәрі-дәрмектерді пайдалану деген сөз. Ғазиза біраз уақыттан бері осы жоба бойынша жұмыс істеуде.
        «Адамның терісінен алынған жасуша арнайы қоректік ортада ферменттер арқылы өсірілуде. Ол алдымен биологиялық тексеруден өткізілді. Сосын тышқандарды пайдаланып, клиника алдындағы тексеруден өткіздік. Бұл үшін Nude тышқанына тәжірибе жасалды. Сонда байқағанымыз, тері жасушаларын пайдаланғанда дененің күйген жерінде ешқандай ісік болмайды. Ал діңгек жасушалар қолданылса, көлкілдеп ісіп кететіні белгілі», – дейді ол.
 Жас ғалымның тері жасушалары алғаш елордадағы Жедел жәрдем медицина орталығы мен Травматология және ортопедия орталығында 30 адамға қолданылды. Ауыр күйік шалған адамдар тез жазылды. Оны былай қойғанда, күйіп, зақымданған жерге науқастың өз денесінен тері алынған тұстар да осы биожасушалар көмегімен тез қалпына келген.
 Соңғы уақыттарда Ғазиза Данлибаева күйіктен қалған орынның тері жасушаларынан тератиноцит жасушасын алумен айналыса бастады. Қазір бұл еңбегі де клиникалық тұрғыда тексеріліп жатыр.
        Мәскеудегі Д.К.Ивановский атындағы Вирусология ғылыми-зерттеу институты аспирантының тері жасушаларына шетелдік медицина орталықтары да қызыға бастаған көрінеді. Мәселен, Үндістандық мамандар осы бағытта кеңінен зерттеу жүргізу үшін өздерінде бар мүмкіндіктің бәрін ұсынып отыр.
 Ғабдул МЕРҚҰРМАН.
Яндекс.Метрика