2024-07-27

Білім саласында жемқорлықты болдырмау жолын білесіз бе?

tories/dsc09230.jpg» width=»200″ height=»150″ />Бас қосудың мақсаты айқын. Білім саласында орын алып отырған жемқорлық мәселесін болдырмау жолдарын қарастыру. Жемқорлық бар енді одан қалай құтыламыз деген сөз. Білім ұяларының жағдайына алаңдағандардың қатарында коммунистерден басқа «Ақ жол» партиясының өкілдері бой көрсетті. Мұнан өзге бірқатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен  білім саласының басшылары бар.

«Мұғалімдердің қоғамдағы рөлі төмендеп бара жатыр» . Мұндай дабылды Қазақстан Коммунистік партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы қақты бұл жолы. Саяси ұйымның өңірдегі бірінші      хатшысы Қадырқұлов Нұрланның беташар әңгімесі осылай басталды.

-Оған жемқорлық мәселесі де өз септігін тигізіп отыр, осы мәселені шешу жолдарын     қарастыруымыз керек. Сөз додаға  көкпар тасталды да , пікірлер арқауы ақталу мен кінәлауды                желі етіп ағытылды.

Жақсысын айтамын деп асыра сілтеп жіберді

Алғаш болып   Шымкент қалалық білім беру бөлімінің бастығының орынбасары Гаухар Әтемова сөз алды. Атқарылған жұмысты          айтты, алдағы жоспармен таныстырды. Елең еткізгені бүгінге дейін ата ана тарапынан ақша жинау мәселесі бойына бірде-бір арыз түспепті.     2006-2007 оқу жылдарында арыз-шағым үлкен бір мәселе болатын.

Шағым қалай сап тиылды. Ата-ана айта-айта шаршады ма, жоқ, шымкенттік білім бөліміндегілер оны тоқтатудың тың бір әдісін           тапты ма? Бұл жағы ашылмады. Жабық қалған тақырып қашанда қызық. Оның себеп-салдарын қоғамдық ұйым өкілдері мен  партия                  мүшелері өздерінше тарқатты.

Жарқынбек Сейтімбет, ОҚО білім саласындағы жемқорлыққа қарсы комитеттің өкілі:

            -Басқаны қайдам мектеп қабырғасында балалардан ақша жиылмайды деген сөзге бүгінде сену қиын. Меніңше, басшылықтың осындай пікір айтуының өз себебі де бар. Ешқандай ата- ана баласын ешкімнен кем еткісі келмейді. Сондықтан да сұрағанын береді, мұны  білеміз. Сондай-ақ кейбір азаматтардың мектепке жұмысқа кіру үшін ақша беріп, берген ақшасын қайта ала алмай жүргенінен де хабардармыз. Бізге биыл бірінші сыныпқа барған оқушыдан 10 кыркүйек күні мұғалімінің ақша сұратқанын да айтып қоңырау шалған ата-ана болды.             Сіздер ешқандай арыз түскен жоқ дейсіздер. «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» дейді қазақ. Мектеп мұғалімінің біліктілік дәрежесін көтеру үшін керек мақтау қағаздары тағы да басқа мәселелерге ақша жиналады, жасырып қайтеміз. Жемқорлық мәселесін шешу жолдары             туралы айтайық, ақталуға мінберлер табылады.

Сәтбаев Асқар , «Ақ жол» партиясының  мүшесі:

-Ұстаздардың «біссімілләсі» мектепке жұмысқа кірерде ақша беруден басталатыны шындық. Осындай жағдайда ол мұғалімнен, сол  мұғалім білім берген баладан қандай сапалы білім күтуге болады. Мен неге білім саласындағы жемқорлық мәселесінің тонның ішкі бауындай ашылмай қала беретініне мысал келтірейін. Егер мекеме қызметкері парамен ұсталса басшы  да жауапқа тартылады.   Мектеп директорлары         өз орнын сақтап қалу үшін парақорлыққа жағдай туғызған қызметкерін барынша ақтап алуға тырысады. Бүгінгі таңда ешқандай арыз             шағымның болмауының бір себебі осы.

                Осылай ортақ мәмлеге келеміз деп келгендердің пікірі екіге жарылып тарасты.  Жауапты жақ бізде жемқорлық              «жоқ» дегісі келеді, ал қоғам бар дейді. Шындық осындайдан туады. Тағы бір мәлім болғаны енді ұстаз біліктілігін арттыру мәселесі парламент деңгейінде талқыланбақ көрінеді. Олай болатыны «мұғалімдер кешенді арнайы сынақтан өткізілуі керек» деген ұсынысты қолдаушылар көп.

              Айтқандай, бұл жолы жемқорлықты болдырмау жайлы тұщымды ұсыныс айтылған жоқ. Мүмкін оның жолын сіз          білетін шығарсыз…

Нұрлан Әлімбаев

     «Қызмет»

{jcomments on}

Яндекс.Метрика