«SHYMKENT TOURISM CENTER» ТУРИСТІК-АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ӘЗІР

Шымкентте қала туризмін дамытып, бизнес ортаны нығайтатын «Shymkent Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы құрылды. Орталық — ішкі туризмді дамытумен бірге Шымкент қаласы бойынша туристік нысандарды отандық және шетелдік нарықта насихаттауға ықпал етеді.

Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов шаһарда туризмді өркендетуге үлес қосатын орталықтың жұмысымен танысып, сала мамандарымен пікірлесті. Мақсұт Пернебайұлының сөзінше орталық- туристерді ақпаратпен қамтамасыз етіп, өңірдің туристік әлеуетін маркетингін ілгерілету мен талдау, халықаралық шараларды ұйымдастырып, іскерлік туризмді дамытумен айналысады.

Орталықта «бір терезе» қағидатымен төмендегі бағыттар бойынша жұмыс істейді. Олар: көші-қон қызметтерінің көмегін пайдалану, туризм саласын талдау, қаланың туристік имиджін дамыту, ірі туроператорларды анықтап, оларға туристік маршруттарды ұсынады. Іскерлік іс-шараларды өткізіп, осы салаға инвестиция тартумен айналысады.

Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына кеңес беру қызметі, туристік карталар ұсынып, қалада өткізілетін іс-шаралар жөнінде жарнамалық ақпараттарды таратады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика