ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ҮШІН КӨМІР ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов мәлімдеді.

– Қаратау ауданы аумағында 4 көмір сақтау және тарату орны бар. Аудандағы көмір бағасын негізсіз көтермеу мақсатында 3 жақты меморандум түзілген. Нәтижесінде, 12 691 үйдің 100 пайызы көмірмен қамтамасыз етілді. Ал әкімшілік қызметшілері қоймалардағы көмір көлемінe күнделікті мониторинг жасауда, – деді Абзал Шымкентбайұлы.

Спикердің сөзінше, ауданда жалпы 435 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның 374-і орталық, ал 61-і автономды жылу жүйесін тұтынады. Бүгінде орталықтандырылған көп қабатты тұрғын үйлерге жылу толық қосылған.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Серік Қосай

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика