2024-09-20

ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне шымкенттіктер үйреніп қалған. Баспаналы болсам дегендердің басым бөлігі қала әкімдігі мен Отбасы банкты жағалайды. Әкімдік кезекке қойып берсе, банк ипотека береді.
Бүгінде Отбасы банкпен жеке құрылыс компаниялары арасында ипотекалық кредиттерді рәсімдеудің жаңа жағдайлары бойынша өзара келісім шарт жасасқан. Онда сатып алушы пәтердің жалпы сомасының 30 пайызын немесе 50 пайызын төлей отырып Отбасы банк арқылы ипотекалық кредит рәсімдей алады. Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне арнайы қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, өз сөзінде бұл формат қала тұрғындары үшінде өте ыңғайлы екендігін атап өтті.
Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне 1000-нан астам адам қатысты. Келушілерге жылжымайтын мүлік нарығының ұсыныстары таныстырылып, жәрмеңкеге алғаш келген 30 азаматқа банктің сыйлықтары табысталды. Қала тұрғындары құрылыс салушыдан ең өзекті ақпарат пен кеңес ала отырып, Отбасы банктің кеңесшілеріне есептеулер жасатып, қолайлы нұсқаны таңдай отырып, жеңілдікке ие болу қарастырылған.
Гүлжан Забирова, құрылыс компаниясының өкілі: — Бұл жәрмеңке өте қызық шара. Бірінші рет қатысып жатқан жоқпыз. Шымкент тұрғындарына өте ыңғайлы. Өйткені бізден басқа құрылыс компаниялары да қатысады. Шымкент қаласында сегіз тұрғын үй кешені салынып жатыр. Сол бойынша кеңес беріп, пәтер таңдап береміз.

Жыл басынан бері Шымкенттегі Отбасы банкпен 3 мыңнан аса азаматқа ипотекалық заем мақұлданған. Бұл күн сайын 11 адамның қолжетімді кредитті рәсімдеп, қоныс тойын тойлайтындығын білдіреді. Шымкентте “Отбасы банк” арқылы жинақтау және әрі қарай тұрғын үй сатып алу үшін тағы 27 мыңнан астам жаңа салым шоты ашылған. Шотта бастапқы жарнаға қаражат жинақтай отырып, азаматтар тұрғын үй сатып алу үшін 3,5%-дан 11,5%-ға дейінгі мөлшерлемелер бойынша әрі қарай кредит алу мүмкіндігі бар.

Ал Банк өкілдері тиімді шарт жасауға көмектеседі. Салымшылардың көкейіндегі сұрақтарға жауап беріп, баспаналы болудың тиімді мүмкіндіктерін түсіндіреді. Небәрі 15 минуттың ішінде алдын-ала мақұлдау құжаттарын пысықтап, несие төлемін есептеп береді.

Еркін Ақаншаев, «Отбасы банк» АҚ қалалық филиалы директорының орынбасары:  «Банк қызметкерлері де осында болады. Олар да несие бойынша мәлімет пен кеңес береді. Әрі қарай қалай төленетіні қандай пайызбен алуға болатынын айтады. Өйткені банкте 3,5% – 11,5% қарастырылған. Салымшы қанша жыл жинағанына байланысты.

Тұрғын үй құрлысы қызған шаһарда Отбасы банк көмегімен күніне 11 адам қоныс тойын тойлайды. Жыл басынан бері 27 мыңнан астам шымкенттік депозит ашса, 3 621 адам жаңа пәтерге заем рәсімдеген.

 

Яндекс.Метрика