Үкімет үй бағасын арзандатуды көздеп отыр

tories/1524.jpg» border=»0″ width=»372″ height=»201″ align=»right» />Ел Үкіметі «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында салынып жатқан пәтерлердің бағасын арзандатуды көздеп отыр. Бұл жайында Tengrinews.kz сайты премьер-министрдің сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Жақын күндері «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысушылар үшін, яғни орындаушылары мен тұтынушылары үшін бірқатар өзгерістер орын алады. Атап айтқанда, өзгерістер ең алдымен баға төңірегінде болмақ. Қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамту тапсырмасын орындау мақсатында әрбір шаршы метр үшін төленетін қаржыны арзандатуға мүдделіміз» делінген хабарламада.
Мұндай қадамға бару үшін Үкімет алдымен құрылыс материалдарына жұмсалатын шығындарды үнемдемек. Алайда, бұл құрылыстың сапасы төмендейді деген сөз емес. Отандық өнімдердің өнімділігін арттыру арқылы бұл мақсатқа қол жеткізілмек.
«Бүгінгі таңда республикада 16 үй салу комбинаттарының құрылысы жүріп жатыр. Оның жетеуі аяқталуға жақын. Жоспар бойынша алты комбинат ірі панельді үй құрылысының технологиясын пайдаланса, төртеуі құрамалы қаңқа тұрғызуға және қалған алтауы құрастырмалы технология бойынша жұмыс істеме» дейді Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Альберт Рау.
Аталған ірі комбинаттардың екеуінің құрылысы Астана қаласында жүргізіліп жатыр және 2014 жылы пайдалануға берілуі тиіс.
«Менің ойымша, үй бағасы біршама төмендейді. Ал, құрылыс қарқыны 2-3 есеге жылдам жүргізілетін болады. Бүгінде баспананың бір шаршы метрі 750-800 АҚШ доллары. Үй салу комбинаттары жұмысқа кіріскен кезде бұл көрсеткіш 500-550 долларға дейін төмендемек. Тіпті, одан да арзан болуы ықтимал» дейді Астана қалалық құрылыс басқармасының бастығы Владимир Лютов.
Аталған хабарламада айтылғандай, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысушы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры бүгінде білікті құрылысшылар даярлау үшін «Тұран Профи» халықаралық кәсіби академиясымен және Астана политехникалық колледжімен меморандумға отырған. 

Сурет: elgazeti.kz

«Қызмет» ақпарат.

{jcomments on}

Related Posts

Богатое наследние предков в воспитании и образовании

Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика