МЕРДІГЕР КЕМШІЛІКТЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ

Түркістан облысы Келес ауданы Біртілек ауылдық округі аумағындағы Жолбасшы елді мекенінің тұрғындары таза ауыз суға қайта қол жеткізбек. Құрылысты жүргізген мердігер компания «СтройЖолСервис» ЖШС-і су сорғыш құрылғысы мен суды тазалайтын сүзгіні ауыстырып, су жинау қоймасындағы ақауды бітеді.

Ең күрделі мәселе жоба бойынша қазылған ұңғымадағы 65 метр тереңдіктегі су қорының тапшылығын шешу үшін 1 мың 200 метр тереңдікте қайта ұңғыма қазылды. Істен шыққан ескі су сорғыш жаңасына ауыстырылды. Осылайша судың жеткілікті қоры жасақталды.

«Қазіргі таңда арнайы шақырылған тиісті мамандар келіп су сорғыш құрылғысы мен суды тазалайтын сүзгінің жұмысын үйлестіріп, қалыпты режимде жұмыс істейтін етіп беруі қажет. Сондай-ақ, судың бактериялық құрамына байланысты сараптамадан оң қорытынды алынса Жолбасшы ауылына таза ауыз су берілетін күн жақын»- дейді аудан әкімінің орынбасары Серік Қарақұлов.

Осы мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, мәслихаттағы фракция жетекшісі А.Жұмабеков, фракция мүшесі Д.Әбдиев, аудан әкімінің орынбасары С.Қарақұлов және ауданның тұрғын үй және коммуалдық шаруашылық бөлім басшысының міндетін атқарушы Б.Шірінбековтер нысанның басына барып қазіргі жайымен танысты.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика