2024-07-27

Н.Назарбаев: Тәуелсіз және әділ сот — құқықтық мемлекеттің тұғыры

tories/20130902_15_34_44390.jpg» width=»200″ height=»133″ alt=»20130902_15_34_44390″ style=»float: right;» />

      Сәрсенбі күні Астанада Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезі басталды. Съезде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев съездің басты міндеттерін айқындап берді.

      «Біз алдымызға қойған басты мақсаттарымызды айқындап алуымыз керек. Қазіргі уақытта біз саяси бағыттар мен міндеттерімізді айқындаудамыз. Олардың барлығы страте-гиялық бағытқа бағынады. Қазақстан ғасырдың ортасында әлемдегі ең дамыған 30 елдің бірі болуға тиіс. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруді мақсат еттік. Біз ол мақсатқа қол жеткіздік. Енді дамыған 30 елдің қатарына кіру барлық алдымызға қойған жұмыс жоспарымыздың негізі болуға тиіс. 21 ғасырда мемлекеттің дамуының басты өлшемі — ұлттық сот төрелігі жүйесі болып табылады. Тәуелсіз және әділ сот — құқықтық мемлекеттің тұғыры. Онсыз әлемнің бірде-бір елі, соның ішінде ең да-мыған мемлекеттерде қолайлы инвестициялық ахуалды, азаматтардың өмір сүруінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан сот реформасы жөніндегі жұмысты еселеу қажет. Мен Судьялардың VІ съезінің басты міндеті осы деп білемін», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Яндекс.Метрика