БИЫЛ ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 4 ІРІ КӨШЕДЕ КҮРДЕЛІ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛАДЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов мәлімдеді.

– Аудан аумағында жалпы ұзындығы 1 110 шақырымды құрайтын 1 272 көше бар. Осы жылы аудандағы 38 көше орташа жөндеуден өтуде. Одан бөлек, Азат, Ақжайық, Тұран, Нұртас және Қайтпас шағынауданында орналасқан 29 көшеге күрделі, ал 39 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деді Абзал Шымкентбайұлы.

Спикердің сөзіне сүйенсек, 2018 жылы күрделі жөндеу жұмыстары басталған облыстық маңызы бар Әл-Фараби, Ә.Темір, Ибрагим ата, Ю.Сареми көшелері осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.Айта кетейік, 2021 жылы аудан аумағындағы 45 шақырымды құрайтын 54 топырақ көшеге шағалтас төсеу бойынша ұсыныс жолданған.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Серік Қосай

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика