АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА АУЫЗ СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ ЖОЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

Қаратау ауданының əкімі А.Аликулов Асар-2 шағынауданындағы атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау мақсатында аталған елді мекеннің орам жəне көше басқарушыларымен тұрақты түрде аралау жұмыстарын жүргізуде. Бұл жайында Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі аппаратының фейсбуктегі парақшасы жазған.

Қазіргі таңда, Асар-2 шағынауданын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 156,1 км құрайтын ішкі орамдық жүйелерінің құрылыс жұмыстары 01.05.2020 жылы басталды. Жоба құны 1 560,5 млн тг. Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 350 млн тг қаржы бөлінді. Пайдалануға беру мерзімі 01.10.2021 жыл. Мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС.

Асар-2 шағынауданындағы электр желілерінің құрылысы 2019 жылы бюджеттен 700 млн тг қарастырылып жұмыстар басталған болатын. Жоба құны 1 155,9 млн тг. Ағымдағы жылы бюджеттен қаржы бөлініп, 1 кезек жұмыстары атқарылуда. Мердігер мекеме «Ремстрой Алматы» ЖШС. Нәтижесінде, 87,2 км желі, 1 дана РП және 24 дана КТП орнатылатын болады. Сондай-ақ, Асар-2 шағынауданын сапалы электр жарығымен камтудың 2-ші кезеңі бойынша ЖСҚ әзірленген.

Қазіргі уақытта, аудан аумағындағы жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 78 топырақ көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілген, оның ішінде Асар-2 шағынауданындағы ұзындығы 3,5 шақырымды құрайтын 6 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика