КЕЛЕСТЕ «ЕНЕЛЕР МЕКТЕБІ» АШЫЛМАҚ

Түркістан облысы, Келес ауданының ақсақалдары тірлігінің шырқы бұзылған отбасыларды қайта татуластарып, 48 баланы жетімдіктен сақтап қалды. Осылай деген Ұшқын ауыл әкімшілігінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Лесбек Жұмағұлов әкімдік жанынан құрылған ардагерлер кеңесі және әжелер кеңесінің бірқатар тындырымды тірліктерін ортаға салды.

Басқосу барысында келестік ақсақалдардың елдің бірлігі мен ынтымағы, ауыл тұрғындарын ортақ іске жұмылдыра білудегі көшбасшылық қасиеті мен ақыл кеңестері жайлы айтылды.

«Қазіргі уақытта қоғамдық өмірімізде ардагерлер ұйымдары ықпал етпейтін сала кемде-кем деуге болады. Қарияларымыз елдікке, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылыққа жұмыс істейтін үлкен күшке айналды. Бүгінде жастар арасында қариялар тарапынан тәлімдік, тәрбиелік мәні бар үгіт насихаттарды жүргізудеміз. Бүгінгінің ойландыратыны – жас отбасылардың бұзылуы. Көңілге кірбің келтіретін оқиғаны алдын-алу бағытында әжелер кеңесімен бірігіп, жастардың шаңырағына барып, өнегелі әңгімелер айтудамыз. Бүгінде шаңырағы шайқалмақ болған 24 отбасы бізге жүгінді. Сол отбасыларды ақсақалдарымен бірлесе сабырға шақырып, ортаға алып мәселені шештік. Аллаға шүкір, олардан тараған 48 баланы тірі жетімдіктен сақтадық деп айта аламын», – дейді Лесбек Жұмағұлов.

Ақсақалдың айтуынша, ажыраспақ болғандардың арасында жасы 60 алқымдаған ел ағалары да бар екен. Оларға да түсіндіру жұмыстарын жүргізген кеңес төрағасы нәтижелі межеге қол жеткізіпті. Осы бағыттағы жұмыстар жетілдірілуде. Отбасы құндылығы мен ынтымағын сақтауда енелердің орны орасан екенін айтылған отырыста «Енелер мектебі» деген ұйым ашу туралы ұсыныс айтылды. Өйткені ұрпақ тәрбиесінде аналардың алар орны ерекше.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика