Келес ауданында биыл жылына 700 мың дана темірбетон өнімдерін өндіретін зауыт іске қосылады. «Қашқынбаев Б.Ж» серіктестігі қолға алған жобаның жалпы құны – 227,4 миллион теңге. Өндіріс орнының құрылысы 2019 жылы басталған. Биыл іске қосылып 30 адамды жұмыспен қамтиды. Онда құрылыс блоктары мен арықтардың бетон қаптамасы дайындалады.
Бұл аймақта құрылыс саласын отандық өніммен қамтамасыз етуге және инфрақұрылымды жақсартуға қажетті материалдарды жергілікті жерде өндіруге мүмкіндік береді.
Жалпы, Келес ауданында «Индустриалды инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 998,4 миллион теңге болатын 3 жоба ұсынылған. Оның екеуі 2020 жылы жүзеге асты. Олар: жылына 20 миллион кірпіш шығаратын «ТМстрой 21» ЖШС зауыты мен жылына 30 миллион кірпіш дайындайтын «AIBI-I (АИБИ-АИ)» ЖШС.
Аудан әкімі Ақментай Есбаевтың айтуынша өткен жылы Келес ауданында жалпы өнім көлемі 74 миллард 4 миллион теңгеге жеткен. Ал биыл бұл көрсеткішті 78,4 миллирд теңге болады деп жоспарлануда. Аудан экономикасына тартылған инвестиция өткен жылы 12,6 млрд теңгеге болса, биыл 13 миллард 5 миллион теңгеге дейін өсетін болады.
«Жалпы бүгінгі таңда аудандағы 83 елді мекеннің 45 елді мекені табиғи газбен қамтылып отыр. Яғни аймақ халықыны 79,5 проценті көгілдір отынның игілігін көруде. Сондай-ақ, аудан тұрғындарының 69,9 проценті таза ауыз сумен қамтылған», — дейді аудан әкімі Ақментай Есбаев.
Leave a Reply