2024-07-27

БІР КҮНДЕ ТӨРТ САЯБАҚ АШЫЛДЫ

tom: 4.5pt; text-align: center; background-image: initial; background-attachment: initial; background-position: initial; background-repeat: initial;»>Бір күнде төрт саябақ ашылды

tom: 4.5pt; text-align: center; background-image: initial; background-attachment: initial; background-position: initial; background-repeat: initial;»> 

«Тоғыз жолдың торабы» атанған Арыста қаланың келбетін ашып, көріктендіре түскен төрт саябақ бір күнде елдің игілігіне берілді.Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясындағы іс шаралар аясында ашылған «Жеңіс» гүлзарында орнатылған мәрмәр тасқа осы өңірден майданға аттанған 10-нан астам жауынгердің аты-жөні қашап жазылған. Ашылу салтанатына жиналғандар майдангерлерді бір сәт үнсіздікпен еске алды. Тарихыма, өткеніме тағзым етем дегендер енді осында жиналатын болады.Өткенге көрсеткен бүгінгі ұрпақтың құрметі бұл. Бұл ғана емес арыстықтарда батырларын да насихаттап, ерен ерлігі мен еңбегін тәрбие құралына айналдырудың өзіндік үлгісі бар. Оны іздесеңіз «Батырлар аллеясын» аралап шығасыз ендігі жерде. Әр мүсінге қарап,өмірдерегін оқып тұрып, қазақтай жауынгер халықтың батырлық дәстүрінің жалғасын тауып келе жатқанына куә болып, мақтаныш сезіміне бөленесіз.

Ал, «Жастар саябағында» сіздерді қолұстасқан жастар қарсы алады. Ашылу салтанаты күні де солай болды. Қазіргі заман талабына сай толық жаңғыртудан өтіп, абаттандырылған саябаққа алғаш табан тіреген жас отбасын қала әкімі Сейіт Ертай мырза қарсы алып, бақыт тіледі.

Сол күні қала тұрғындарын жаңа келбет, сән-салтанатпен қарсы алған «Орталық саябақта» шаһар халқын ән мен жыр бесігінде әлдилеген «Мәдениетім мақтанышым» дәстүрлі өнер фестивалі мәресіне жетті. 

Қорытынды гала-концертте әділ қазылардың шешімімен №44859 әскери бөлімі бас жүлдені жеңіп алып, «Nexia» автокөлігін иеленді. Жүлделі бірінші орынды қалалық білім бөлімі мекемесінің өнерпаздары, екінші орынды қалалық «Ардагерлер кеңесі» мүшелері мен Монтайтас ауылдық округінің өнерпаздары бөлісті. Үшінші орын жүлдесімен Дермене және Байырқұм ауылдық округтерінің өнерпаздары марапатталды. 

Аудандық аурухана ұжымы мен Жиделі, Ақдала, Қожатоғай ауылдық округтерінің өнерпаздары ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Өнер додасы келер жылы да жалғасын тауып, дарынды өнерпаздардың өнерін шыңдайтын болады.

«Қызмет-Ақпарат»

Яндекс.Метрика