ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясының Мәжілістегі фракцияс мүшелері Мыңбай Дархан Қамзабекұлы мен Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы және «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Келес ауданына жұмыс сапарымен келіп, Абай ауылындағы «AIBI-AI»(АЙБИ-АЙ) ЖШС-нің күйдірілген кірпіш шығаратын зауытында болды.
Жалпы құны 251,0 млн теңге болатын өндіріс орны жылына 12,0 млн дана күйдірілген кірпіш өндіреді. Бүгінгі күні мұнда 35 адам жұмыс істейді.
Кәсіпорын басшысы Өсербай Тұрқұлов Мәжіліс депутаттарын зауыттың автоматтандырылған жаңа технологиялық қондырғысымен және зауыттың тыныс-тіршілігімен таныстырды. Былтырғы жылы бір кірпіштің бағасы 45 теңге болса, бүгінгі таңда табиғи газ бен электр энергиясы тарифінің жоғарылауына байланысты 65 теңгеге көтерілген.Мәжіліс депутаттары өндіріс орнының мұнан өзге де мәселелеріне қанықты.
Депутаттар іс-сапар барысында сондай-ақ Қошқарата ауылдық округіндегі 9 елді мекенге тартылып жатқан табиғи газ құрылысымен де танысты. Табиғи газ құрылысын жүргізіп жатқан 3 мердігер компания нысандардың құрылысын осы жылдың 31 тамызына аяқтауға міндеттеме алған. Алайда тұрғындармен кездесуде Аманжар және Қарабура елді мекенінің халқы газ құрылысын жүргізіп жатқан «AlaCon engineering» ЖШС-нің жұмысына көңілдері толмайтынын жеткізді.Аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Шырынбеков пен техникалық қадағалаушы мекеме өкілінің айтуынша оған «AlaCon engineering» ЖШС-і жүргізіп жатқан нысандарға қаржының кеш бөліну себеп болған. Соған байланысты құрылыс жұмысы қыркүйек айының соңына дейін созылғалы отыр,-деді олар.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тәжібаев Бейсенбай аталған мердігердің жұмысына қатаң бақылау жүргізуді Келес аудандық филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясына тапсырды.
Leave a Reply