2022-12-10

«Облыстарда үй құрылысы бағасының айырмасы тым алшақ. Неге?!.»

Spread the love
Baq.kz –Үкімет үйінде өткен отырыс барысында премьер-министр Серік Ахметов өткен аптада ғана жаңа лауазымға тағайындалған «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ төрағасы Айбатыр Жұмағұловқа осылай деп сұрақ қойды. Бұл жөнінде Baq.kz тілшісі хабарлайды.
Қызметке енді ғана кіріскендігінен болар, жаңа төраға өз баяндамасын қысқа ғана қайырды. Министрлер кабинетінің мүшелерінен ешбір сұрақ болмаған соң, Үкімет басшысының өзі Айбатыр Нышанбайұлы жетекшілік ететін мекеменің жұмысын сынға ала отырып, нақты тапсырмалар жүктеді. 
— Менімше, сіздің банкте менеджементтік қызмет тым жүйесіз жұмыс істейді. Сондықтан да жақсы нәтиже көрініс бермей келеді. Мысалы, неліктен үй құрылысының бағасы әр облыста әр қалай? Шымкент пен Тараз, Ақтау мен Атырауда салынып жатқан құрылыс нысандарының бағаларындағы айырмашылық жер мен көктей. Бұл жерде баға бірдей болмайтыны белгілі десек те, осыған назар аударып көрдіңіздер ме? Құрметті Айбатыр Нышанбайұлы, сізге қосымша тапсырма жүктеймін. Алдағы уақытта аймақтарды арала. Барып, жағдайды көзбен көріп, жүрекпен сезін. Әкімдерге өз жобаларыңды ұсыныңдар. Өзара ақылдасып, кеңесе отырып, инженерлік-инфрақұрылымдық мәселелерді оңтайлы шешіңдер, — деді Үкімет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі өткен Үкімет отырысында Өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев баяндама жасап, республикада жүзеге асып жатқан «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының жайымен таныстырды. Оның айтуынша, жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне ағымдағы жылы 10 млрд. теңге нысаналы трансферттер көзделген. Ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін 8,2 млрд теңге бөлініп, 7,2 млрд теңге немесе 87 пайызы игерілген. Игерудің ең төмен деңгейі Маңғыстау облысында – 54 пайыз немесе бөлінген 500 млн теңгенің 232,3 млн теңгесі игерілмеген. Мұның басты себебі, Ақтау қаласындағы объектілердің жұмысы тоқтатылып, қаржы полициясы органдарының тексеруінен кейін қайта жалғасқан (мердігер ұйым басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалыпты). Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойнша бөлінген қаражат жыл соңына дейін толықтай игрілетен болады. 2013 жылы жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары – 117 мың шаршы метр (1,6 мың пәтер). 
Ал 9 айдың ішінде алаңы 40,7 мың шаршы метр 680 пәтер немесе жылдық жоспардың 35 пайызы салынған. Бұл ретте 6 облыста – Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Павлодарда мерзімінен бұрын 2012 жылы жас отбасылар үшін алаңы 28,2 мың шаршы метр 526 пәтер салыныпты. Осы көлемнің есебімен алаңы 68,9 мың шаршы 1 206 пәтер пайдалануға беріліп немесе жоспардың 59 пайызы орындалған. Жас отбасылар үшін жалға берілетін қалған тұрғын үйлерді пайдалануға беру ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында үлестіру көзделіп отырған көрінеді.
Яндекс.Метрика