МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА ТЕГІН КӨМІР ТАРАТҚАН АКЦИЯ

Шымкентте «Мейірім шуағы» қоғамдық қоры «Отбасыға жылу сыйла 3» акциясы аясында қаладағы көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға, жалғызбасты аналарға тегін көмір таратты. Аталған шараға 400 ерікті қатысып, екі күн бойы өз көмектерін көрсетті.

Нәтижесінде еріктілер қаладағы «Қайнарбұлақ» саяжайы, «Құрсай», «Қазығұрт», «Сәуле», «Азат» шағынаудандары, Бозарық, Темірлан елдімекендері және Әсіл арық ауылының 200 отбасына таратылатын көмірді тиеп берді.

Көмекке мұқтаж отбасылар алдын ала сауалнама жүргізу барысында анықталды. Ал, шараға қажетті қаражат еріктілердің арнайы «Мейірім конверттеріне» қоса, жеке кәсіпкерлердің қолдауы және блогерлердің әлеуметтік желілерде ақпараттандыруы арқылы жиналды.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика