2024-09-20

БҮГІНГЕ ДЕЙІН 2 МЫҢНАН АСТАМ ҚОҚЫС КОНТЕЙНЕРІ ОРНАТЫЛДЫ

Шымкент қаласына қарасты төрт ауданда тазалық сақтау шарасы басты назарға алынған. Осы мақсатта қаламыздағы қоқыс алаңшаларына жаңа контейнерлер қойылуда.

Атап айтсақ, Абай ауданы бойынша 112 қоқыс алаңшасында 485 контейнер, Әл-Фараби ауданында 192 қоқыс алаңшасында 749 контейнер, ал Еңбекші ауданында 117 қоқыс алаңшасында 644 контейнер және Қаратау ауданында 69 қоқыс алаңшасында 226 контейнер орнатылды.

Қаладағы тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдаумен 11 арнайы мекеме айналысады. Мердігер мекеме кестеге сәйкес, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыс контейнерлерін күніне 2 рет, жеке тұрғын үйлерді аптасына 1 рет тазалап отырады.

Айта кетерлігі, тазалыққа байланысты сауал туындаған жағдайда «iKomek» жедел қызмет көрсету орталығы тәулік бойы тұрғындардың қоңырауларына жауап береді. Сауалдарыңыз болса 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы немесе 87777109109 WhatsApp нөміріне жазып, жауап алуға болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Яндекс.Метрика